Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АШЫҚ АЛАҢНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ САПАСЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

АШЫҚ АЛАҢНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ САПАСЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ




Аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ғани Есімов және аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Болат Сыздық, Нұргүл Шалекеева, Болат Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаттары Айтбай Жандарбеков, Қанат Жүсіпов Көкшоқы шағын ауданындағы ашық алаңының (стадион) күрделі жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Партиялық бақылау жұмыстарына Мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Әзімхан Аруна қатысты.

Мұнан бөлек, Партия ардагерлері Қаблеш Бекішев, Насырбек Мырзабеков ашық алаңының (стадион) күрделі жөндеу жұмыстарының баяу жүріп жатқанын айтып, сапалы болуына бірқатар ескертпелер жасап, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Аталған Көкшоқы шағын ауданындағы ашық алаңының (стадион) күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 224 630 000, аудандық бюджеттен 11 940 000 теңге қаржы қаралған. Бас мердігер: "Корпорация – Алем құрылыс" ЖШС, Бас жобалаушы «Қызылорда Дос Строй Проект» ЖШС, Авторлық қадағалау «Темирлан Проект» ЖШС, Техникалық қадағалаушы «Қабылан эксперт» ЖШС.

Аталған нысан үстіміздегі жылдың маусым айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта партия бақылауында болатындығы айтылды.

Барлық жұмыстар ел мүддесі үшін екендігі айтылып, жұмыстарды нәтижелі жасау бірауыздан келісілді.
#AMANAT
#PPKAMANAT
23 мамыр 2023 ж. 497 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031