Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мониторинг жұмыстары жалғасуда

Мониторинг жұмыстары жалғасуда

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанынан құрылған инженерлік-көлік инфрақұрылым нысандары бойынша құрылған мониторингтік топ «Qutty meken» партиялық жобасы шеңберінде «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» инфрақұрылымдық жобаларының іске асырылуын бақылау үшін 2,575 км созылған аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-Қаракеткен» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
«2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жергілікті жерден 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Мұнай құрылыс» ЖШС жүргізіп жатқан жол құрылысы ағымдағы жылдың шілде айының аяғында бітіру жоспарлануда. Аталмыш жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапалы жүргізілуінің маңыздылығы және бұл жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін іске асып жатқандығы, игілікті іс тұрғындардың сұранысына сай болуы керектігі жеткізілді. Аталған жөндеу жұмыстары партия назарында болады.
“Qutty meken” жобасы аясында инженерлік-көлік инфрақұрылым нысандары бойынша мониторингтік топ құрамына аудандық мәсхаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, «Jas Otan» ЖҚ Жалағаш аудандық бөлімшесі, аудандық филиалға қарасты БПҰ мүшелері және БАҚ өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар.
12 шілде 2020 ж. 669 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031