Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚЫЗЫЛОРДА-ТАШКЕНТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒЫТЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

«ҚЫЗЫЛОРДА-ТАШКЕНТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒЫТЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА


2017 жылы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауына газ таратушы желілерін салу жобасының құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, бүгінде аталған бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қаладағы Шыны зауытынан АГТС-1БГРП-1 және БГРП-2-ГРП-Наурыз, Махамбетке дейінгі жоғары қысымды газ құбырының құрылысы мен Махамбет және Наурыз елді мекендерін кварталішілік газдандырудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов баяндады. Ал, облыстық бюджеттен әлеуметтік сала нысандарының қолданыстағы қазандықтарын газ отынына бейімдеу үшін қайта жабдықтауға 251,471 млн.теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, қала мен оған қарасты елді-мекендердің, Арал, Жалағаш аудандарын абаттандыру, жарықтандыру мен көгалдандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 733, 8 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу бойынша да шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда облыста жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 629 құрап отыр. Ол үшін қайтарымды қаражат пен аудандық бюджеттер есебінен қаржы бөлу жұмыстары нақтылануда.
Облыс әкімі Қ.Көшербаевпен облыстағы автомобиль жолдары желісін дамыту мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітілді. Аталған картаға республикалық бюджеттен 27 және облыстық бюджеттен 76 жобаны қаржыландыру жоспарланған барлығы 103 жоба енгізілді. Осы карта аясында жалпы ұзындығы 1390 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және 12 көпірге құрылыс, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2017 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 9,73 млрд.теңге бөлініп, 215,9 км жол жөндеуден өткізілді. Биыл бұл мақсатқа автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге барлығы 15,0 млрд. теңге бөлініп, 360 шақырым жол жөнделеді.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының биылғы Жолдауында көлік ағынын тиімді басқаруға және инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін инфрақұрылымды, әсіресе жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамытуды қамтамасыз ету қажет екендігін міндеттеді. Осыған орай, биыл 252 шақырымнан астам облыстық және аудандық маңызы бар жол күрделі және орташа жөндеуден өткізіледі. Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалау алқабын игеру мақсатында көше-жолдары желісін орналастыру үшін облыстық бюджеттен бөлінген 370,5 млн. теңгеге 2 жоба бойынша өткен жылы басталған екі магистралды көше құрылысын салу жобасы биыл жалғасады. Шіркейлі каналына көпір салуға қажетті қосымша 706,0 млн. теңге ел қазынасынан бөлініп, биыл құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, Қазалы ауданының «Әлсейіт» учаскесінде Сырдария өзеніне көпір салу жұмыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен 600,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылға аталған көпірді пайдалануға беру жоспарлануда. 2016 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан облыстық маңызы бар «Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе»13,4км, Ботабай ауылына кіреберіс 28,9км, Қызылжар ауылына кіреберіс 7,5км автокөлік жолдары биыл пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішін 63,5% жеткізу қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, «Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» жолының 8,7 км орналасқан апаттық жағдайдағы көпірге айналма жол салынуда, бұл жұмыс аяқталған соң, жол жабылып, көпірдің құрылыс жұмыстарын бастаймыз. Сырдария ауданының аудандық маңызы бар «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» жолындағы екі көпірге күрделі жөндеу жүргізіліп, «Бесарық ауылына кіреберіс» жолындағы көпірдің құрылысы басталады. Қазалы ауданының «Қарлан» учаскесінде Сырдария өзені арқылы көпір салу жобасына техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 20,8 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, брифинг барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Әбдіхалықов жақын арада «Қызылорда-Ташкент» халықаралық тұрақты бағыты ашылу жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетімен аталған бағыттағы маршрутты таяу уақытта ашу көзделіп отыр. Былтыр жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 9,73 млрд.теңге бөлініп, 215,9 км жолдар жөндеуден өткізілген. Ал, биыл бұл бағыттағы инфрақұрылымды дамытуға барлығы 15,0 млрд. теңге бөлініп, 360 км жолдар желісі жөндеуден өтеді деп күтілуде.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
11 сәуір 2018 ж. 2 042 0