АРАЛДА ТИТАН ӨНДІРЕТІН КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ САЛЫНАДЫ
"Титан өндіру бойынша кен байыту комбинатының құрылысы" жобасы бойынша инвесторлармен келіссөз жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.
Құны 3,4 млрд теңгені құрайтын құрылысты "ЖакНұр" ЖШС жүргізеді. Өндіріс орны жылына шамамен 250-300 тонна өнім шығарады деп жоспарлануда.
"Зауыт Ақеспе елді мекенінде салынады. Бұл жобаны кәсіпкер Аралбай Қозбақов қолға алды. Ол жақта су мәселесі шешілген. Жері қолайлы. Барлық жағдай жасалған. ІХ "BaikonurInvest" инвестициялық форумында Қазақстанның даму Банкімен меморандум жасалды. Бүгінде несие алуға байланысты мәселелер шешілуде. Келер жылы құрылыс жұмыстары басталады", - деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.
Сонымен қатар, индустриаландыру картасы аясында ауданда "Жаңа Арал" ЖШС қаптама кірпіш өндіру және «Аралқұрылысы" ЖШС асфальт-бетон зауыттарын салу жобалары іске асырылуда.
Баспасөз конференциясында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы да айтылды.
Биыл ауданда жол мәселесіне байланысты 18 жобаны іске асыруға 1,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Ол қаражатқа аудандық маңызы бар Сазды, Райым-Водокачка елді мекендеріне кіреберіс автокөлік жолдарын салу, "Арал-Әуежай-Жалаңаш" автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Қызылжар елдімекені тұсындағы Сырдария өзенінің үстінен қалқымалы көпір құрылысы басталды.
Ал, келер жылдың соңында кальцилендірілген сода өндіретін зауыт іске қосылады.