ШИЕЛІЛІК КӘСІПКЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА КӘСІПТЕРІН ӨРЛЕТУДЕ
Өңірлік коммуникация қызметінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданында атқарылып жатқан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, «Өрлеу» бағдарламалары және кәсіптік білім беру бойынша баспасөз-тур ұйымдастырылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқу болып табылады.
Осыған орай, биыл Шиелі ауданында түрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік курстар ашылды. 1 маусымнан бастап 2 қараша аралығында 379 оқушы оқуға жолданып, сертификат алды. Оның ішінде Қызылорда қаласындағы «Қызмет» көледжінің автокөлік электр құрылғыларын жөндейтін электрик 12, шаштараз шебері 12, маникюр шебері 6 және Шиелі индустриалды аграрлық колледжіне 1 тамыздан тігінші 15, аспазшы 30, электронды есептеу машина операторы 20, бұрғылау қондырғысының машинисі 5, компрессор қондырғысының машинисі 10, электргазбен дәнекерлеуші 10 мамандықтары бойынша оқуға жолданып, барлығы 120 оқушы оқып бітірді.
Бағдарламаға қатысушыларға ай сайын 21786 теңге шәкірт ақы, жатын орынға 11345 теңге материалдық көмек және жол жүру шығындары үшін бір реттік төлем 9076 теңге төленді.
Жоғарыда көрсетілген бағдарлама аясында Телікөл ауылдық округінің тұрғыны Нұрмағанбетов Нұрдәулет "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 10 млн. теңгеге 58 бас сиыр алып, бүгінде мал шаруашылығын дамытуда.
Сондай-ақ, Әбек Әзиз Әлібекұлы да "Қызылорда" инвестициялық орталығы арқылы 2 млн. теңге несие алып, битон өнімдерін шығаратын цех ашты. Қазіргі таңда, битон өнімдерін шығаратын цехте жас кәсіпкер 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкерлер мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға өз алғыстарын жеткізді