Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Самбоны серік еткен саңлақ

Самбоны серік еткен саңлақ

Сырдың бойы мен қасиетті қарт Қаратау талай саңлақ спортшыларды дүниеге әкелген киелі мекен. Соның айғағы ретінде Еңбекші ауылының тумасы самбо күресінен спорт шебері Мәлкаждар Теміров ағамызды айтсақ болады. Жастайынан спорттың сан түрімен шұғылданып, кейін осы самбоны өзіне серік еткен Мәлік аға түрлі байрақты бәсекелерде топ жарып, туған жерінің абыройы үшін аянбай терін төккен азамат еді.Әсіресе, әскер қатарында жүріп, ТМД елдері арасында өткен турнирлерге қатысып, жүлделі орындарды қанжығалап, самбо күресінің қыр-сырын жетік меңгере білді. Ал, Отан алдындағы борышын адал атқарып елге оралған уақытта Еңбекші ауылында қарапайым еңбекпен қатар, өзінің сүйікті күресін ауыл жастарына үйретуді үрдіске айналдырды. Ол – жаттықтырған жігіттердің арасынан самбо, дзюдо, қазақша күрестен Қазақстан біріншілігінің чемпиондары мен Азияның қола жүлдегерлері шықты. Осылайша қос бірдей шәкірті спорт шеберлігін алса, қалған жігіттер кандидаттыққа үміткерлер қатарынан көрінді. Иә, қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырын спортқа, оның ішінде самбо күресінің аудан көлемінде дамуына үлес қосқан Мәлкаждар Өмірәліұлы шәкірттеріне тек кілемдегі күресті ғана емес, өмірдегі кездесетін қиыншылықпен күресуді де үйретіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді адами құндылықтарды да саналарына сіңіре білді. Соның көрінісі десек болар бүгінде Теміровтың шәкірттері жыл сайын ұстаздарын еске алып ас беріп, турнир өткізуді өздеріне міндет санайды. Төл шәкірті аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы Бауыржан Мырзалиевтің тікелей ұйымдастыруымен өтетін самбо күресінен спорт шебері Мәлкаждар Теміровті еске алуға арналған қазақ күресінен облыстық ашық турнирге өзге шәкірттері демеушілік танытып, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып келеді. Осымен 6 жыл қатарынан ұйымдастырылған шара биыл да аудандық спорт мектебінде өте тартысты өтті. 9 салмақ түрінен сынға түскен жас балуандар арасындағы айқас қызықты сәттерге толы болды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
23 келіде Бидайкөл ауылынан Ж.Қаныбеков, 26 келі салмақта ақтөбелік Е.Болатбаев, 32 келіде қызылордалық М.Ержігітов, 38 келіде Ортақшыл ауылынан Т.Білімжан, 42 келіде қызылордалық Ә.Әлімхан, 46 келіде шиелілік Е.Тілеубай, 50 келіде шиелілік Б.Еламан, 55 келіде қызылордалық Н.Назар, +55 келіде шиелілік А.Дүйсенбаевтар жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Елдос ЖҮСІП.
13 қараша 2017 ж. 2 079 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031