Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » мамандығымен мерейін өсірген

мамандығымен мерейін өсірген

Ел дамуына ерекше үлес қосып жүрген осындай азаматтардың бірі жоғары біліктілік санаттағы нейрохирург дәрігер – Шынжырбай Оразмаханұлы. Ол 1968 жылы ақпан айының 16 жұлдызында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Ақмая (Авангард) ауылында дүниеге келді. 1975 жылы ауылдағы №49 мектеп табалдырығын аттап, 1985 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» мамандығына тапсырады. Аталмыш оқу орнын үздік тәмамдаған білікті маман 1993-1994 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ауруханасында хирург мамандығы бойынша интернатурадын өтті. Одан кейінгі жылдары Қызылорда медицина училищесінде анатомия пәнінің мұғалімі қызметін де атқарған-ды. 1995 жылдың мамыр айынан Қызылорда облыстық ауруханасының, облыстық медицина орталығының нейрохирург дәрігері, 2006 жылдың маусым айынан бастап нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып келе жатқан адам жанының арашашысы – алғыс арқалаған азамат. Өзінің негізгі жұмысымен қатар облыс аудандарында жылына қырыққа жуық мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп отырады.
Шынжырбай Оразма­ханұлы маманды­ғымен мерейін үстем етіп, адал еңбегімен абыройға кенеліп келеді. «Облыстық медицина орталығы» ШЖҚ МКК-ның «ОМО дамуына үлес қосқаны үшін» төсбелгісімен марапатталды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін жарқыратты кеудесінде. «Оңтүстік» Аймақтық басқармасы бастығының бұйрығымен «ІІ дәрежелі Шекара қызметінің үздігі» куәлігімен марапатталған. Аудан, облыс тұрғындары арасында беделі жоғары азамат биыл Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» атанды. Антына адал, жаны да, халаты да кіршіксіз таза Шынжырбай Оразмаханұлы есімі Елбасымыз айтқан еліміздің алтын қорына кіретін 100 жаңа есім атауына лайық деп білеміз.

Бақытжан
МӘДЕНОВ.
10 қараша 2017 ж. 3 036 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам