Өрендер олжамен оралды
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасында Балнұр мен Нұрғаным туған жер, ел тақырыбындағы өлеңді нақышын келтіре оқып, қатарластарынан оқ бойы оза шауып, бас жүлдені жеңіп алды. Айта кету керек, бұл балғындардың осындай жетістіктерге жетуі жолында өнерге баулып, жетекшілік жасап жүрген жан Ш.Қодаманов ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Баян Арыстанованың да еңбегі ерен. Еселі еңбектің қашан да өтеуі болары сөзсіз. Баян да фестиваль барысында «Бейбітшілік әлемінің» «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталып, еңбегі еленді.
Ал, аталған бірлестік туралы мәлімет келтірер болсақ, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігі елімізде 2008 жылы құрылған. Құрамында мыңдаған түрлі саланың қызметкерлері, ұлттар достығының бірнеше халықаралық одағы бар. Оқу-кеңес орталығы сияқты онға жуық мекеме жұмыс жасайды. Ұйым елді елге жақындастырып, халық ынтымағының нығаюына, рухани және әлеуметтік-экономикалық байлығының дамуына үлес қосып келеді.
Талапты жандардың талантын ұштап отыратын бұл байқауда оқушылар өнердің сан түрінен сайысқа түсті. Түрлі жанрда ән шырқап, би де биленіп, музыкалық аспаптарда ойнау, көркем сөз оқып, театрлық қойылымдар қойып, әзіл-сықақ өнері, сиқыр өнері бойынша да осында қатысушылар бақ сынасады. Сонымен қатар, қатысушылар көрме - қолөнер бұйымдары, көркемсурет, фотосурет, сән, дизайн, жобалар көрмесімен де көпті тәнті етті. Оларға мәдениет және білім-тәрбие саласындағы танымал қайраткерлер, ғалымдар, тәжірибелі ұстаздар, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары қазылық жасады.
Сөйтіп, жеңімпаздар 27 қарашада Алматыда алған жолдамалары арқылы Стамбұл қаласында өнер көрсететін болады. Міне, шашасына шаң жұқтырмаған жүйріктердің олжасы осылайша көпті қуантуда. Олжалы өрендерге «алдағы уақыттарда да жеңіс шыңдарынан көріне беріңіздер» демекпіз.
Дина ЖҮСІПОВА.