Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегімен елге еленген ұстаз

Еңбегімен елге еленген ұстаз

М.Қалдыбаев Ортақшыл ауылында ең алғашқы мектептің негізін қалап, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері бола білді. Ардақты ұстаздың мерейтойына арналған шараны ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Нысанбайұлы ашып, көпшілікті осынау мерейлі мерекемен құттықтады.
Ұстаздар мерекесімен ұштаса келген бұл шараға ауыл тұрғындары, ардагер ұстаздар және халық алғы­сына бөленген М.Қалдыбаевтың ұрпақтары мен шәкірттері арнайы шақырылды. Ұстаз шәкірттері әрі із­ба­­сарлары Т.Смайылұлы, С.Есен­құ­лов, П.Бөбекова мен ұл-қыздары – С.Қалдыбаев, ардагер ұстаз – Р.Қал­дыбаевалар Мінәт атамыз жайлы өткен күндерден естеліктер айтты. Келген қонақтар ауыл өнерпаздарының ұстазға деген құрметі мен арнау-жырларын, «Жас ұлан» ұйымының әдеби монтажын тамашалады. Сонымен қатар, Мінат атамыздың ізгі істерін насихаттаушы, мол мұрасын келешек ұрпаққа жеткізуші, мектептің ардагер ұстазы А.Ақпанбетов те ұлағатты тұлғаның өмірінен жастарға үлгі, өнеге боларлық деректер келтірді.

Дина ӘБІЛАСАН.
10 қараша 2017 ж. 2 530 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам