Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент бастамалары – ел дамуының кепілі

Президент бастамалары – ел дамуының кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты ел халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялап, алдымыздағы жаңа міндеттерді айқындап берді. Елді үлкен өзгерістерге әрі жаңа серпілістерге бастайтын бұл Жолдауды тарихи Жолдау деп айтуға болады. Себебі, жолдауда жаңа Ата Заңға орай қабылданатын саяси өзгерістермен қатар өңірлерді дамытуға бағытталған «Халықтық құрылыс» атты ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаның жүзеге асырылатыны белгілі болды. Президенттің айтуынша, аталмыш бағдарлама ел тұрғындарының әл-ауқатын жақсартып, кәсіпкерліктің өркендеуіне, ұлттық экономиканы жандандыруға ықпал ететін тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ. Президент осыған орай 2027 жылды «Жалпыхалықтық құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды.
Президент өз сөзінде жаппай құрылысты жандандыру, көлік-логистика жүйесін жетілдіру, цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу сынды маңызды бағыттарға айрықша мән берді. Мемлекет басшысы айтқандай, біз экономикасы бәсекеге қабілетті, азаматтардың өмір сүруіне қолайлы мемлекет құруға тиіспіз. Бұл міндеттер Қызылорда облысы үшін де айрықша маңызды. Себебі, соңғы 5 жылда құрылысы қарқынды өңірде түрлі әлеуметтік нысандар салынуда. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік әлеуеті жоғары өңір ретінде алдымызда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан, Жолдаудағы әрбір міндетті өңір мүмкіндіктерімен ұштастырып, нақты нәтижеге бағыттауымыз қажет.

Айнұр Назарова,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі


09 қараша 2026 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30