Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Қыркүйек айының алғашқы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, еліміздің алдағы даму стратегиясын айқындап берді. Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыруға, жас өскіндерді сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады.
Әр қазақстандық үшін ең қымбат құндылық тәуелсіздігіміз екендігін Президент Қ.Тоқаев әрдайым ескертуде. Егер тәуелсіздігіміз болмаса, еліміздің дәл бүгінгі жағдайға қол жеткізуі екіталай болатындығы белгілі. Осы отыз жылда еліміздің әлемге танылған тарихи кезеңдерін, дамудың даңғыл жолына шығудағы атқарылған қыруар істердің бүгінгі нәтижесін Президент Жолдауында жан-жақты баяндады.
Жолдау – еліміздің болашақта дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап бергендей. Себебі, ондағы көтерілген мәселелер мемлекеттің өркендеуі, тағдыры үшін өте маңызды. Әрі халқымыздың өмірінде болашақта біршама жаңашылдықтың болатынын аңғартқандай әсер қалдырды. Мәселен, қарапайым еңбек адамының, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғалымдардың табысын арттыру, алдағы бес жылда халықты толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз ету мен елімізді цифрлық тұрғыдан дамыту жөніндегі тапсырмалары құптарлық. Сондықтан отандастарымды «Жолдау – болашағымыздың іргесін нықтауға бастайды» деп ұғынып, қуатты Қазақстанның әл-ауқатын көтеру жолында талмай қызмет етуге шақырамын.

Гүлшат МАХАН,
аудандық ішкі саясат бөлімінің
бас маманы
21 қыркүйек 2021 ж. 614 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930