Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақсатқа жеткізер жол

Мақсатқа жеткізер жол

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында тұңғыш рет ел Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдау менің әріптестерім – педогог мамандарының ойынан шықты деп айта аламын. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты құжатта мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері қаралды.
Мемлекет пен азаматтар арасында байланыстың жаңа форматы, тұрғындармен кері байланыстың жаңа механизмдері қажет. Бұл ретте жастар қауымы ең белсенді әрі негізгі күш екені даусыз. Жолдауда әлеуметтік мәселелермен қатар қоғамдық-саяси үрдістерді жаңғырту, қоғаммен билік арасында диалог орнату мәселелері қамтылған. Өзгеріссіз бірде-бір қоғам немесе мемлекет дами алмайды. Сондықтан біз қоғамдағы жаңа өзгерістерге, даму процестеріне дайын болуымыз керек. Ол үшін ұлттың санасын көтере отырып, жаңа әлеуметтік стандарттарды жасаған абзал.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында баса мән беріле атап өтілген жайттың бірі – білім беруді дамыту мәселесі. Рас, кез келген өркениетті мемлекет дамудың алғашқы сатысы ретінде білім-ғылымға өріс ашып, басымдық беретіні анық. Президент осы бағытқа зор көңіл бөліп отыр.

Жансая ЖҰМАҒҰЛОВА,
Балабақшасының тәрбиешісі
24 қыркүйек 2019 ж. 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031