Өмірмен өзектес жолдау
Еліміздегі елеулі жаңалықты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауынан күткеніміз анық. Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы өзіміз күткендей тың, жағымды жаңалығымен жетті. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни «Назарбаев моделі» деп атады. Тәуелсіздіктің жетістіктері еселеніп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі берілді. Баянды бірлігіміздің арқасында еліміз әлемдегі беделді, орнықты мемлекетке айналды. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік, келісім кезеңі болды. Президент әлеуметтік негізгі 5 кезеңге тоқталып өтті. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі – білім беру сапасын жақсартуға баса мән берді. Өзім мұғалім болғандықтан, еліміздің еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесіне ерекше көңіл бөлгені ұнады. Болашақта жастарымыз жұмыссыздықтан құтылып, қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына ермейтін болады. Оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшетініміз назарға алынды. Президент «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Үкімет «Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын» әзірлейтін болды. Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуды айтып өтті. Білім берудің барлық деңгейіне дербес қаржыландыру тәртібін енгізді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды назардан тыс қалдырмады. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелейді. Президенттің «Жер сатылмайды» деп нақты айтқаны, «Ұлттық қор – келешек ұрпақ қаржысы», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Жолдауда ең маңызды мәселелерді қозғауымен көпшіліктің көңілінен шықты. Білім-ғылымға да зор көңіл бөліп, сол арқылы болашағымыздың баянды да нұрлы болуына негіз қалаған, ел ертеңіне деген зор сенімін қалыптастыра білген Президент Жолдауын елі де қолдары анық! Өмір сүріп жатқан еліміздегі өміріміздің сапасы да Президент Жолдауына тікелей байланысты екендігін ұмытпайық, ағайын!
Ә.Болатова,
Кешкі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Кешкі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары