ЕЛ БОЛАШАҒЫ – БІРЛІКТЕ, ДАМУ – ЕҢБЕКТЕ, ЖЕТІСТІК – ЫНТЫМАҚТА!
Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауы – еліміздің жарқын болашағына бағытталған маңызды стратегиялық құжат. Жолдауда көтерілген бастамалар мен нақты міндеттер мемлекетіміздің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға, білім мен ғылымды жетілдіруге, экономиканы нығайтуға бағытталған.Ел Президентінің әрбір бастамасы – болашаққа деген сенім мен жауапкершіліктің көрінісі. Біз Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мақсат-міндеттерді толық қолдаймыз. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолында бірлік пен ынтымақ танытып, ортақ іске өз үлесімізді қосу – баршамыздың азаматтық борышымыз.
Қазақстанымыздың тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!
Байділдаева Рауза Байсалбайқызы
Ы.Жақаев ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы





