Есірткісіз болашақ: қоғам үні
Болашақты біз қалай елестетеміз? Әрине, жарқын өмір, дамыған өңір, жайқалған желек, мол байлық бәрімізге керек. Десек те дүниенің бір кем тұсы болары сөзсіз. Бірі басына қоған бақты көтере алмай түзу жолдан тайып кетсе, бірі сүрініп барып өз соқпағын табады екен. Ал мен өз болашағымды есірткісіз, зиянды заттарға әуестенбей ата-ана, достарымның ортасында елестетемін. Ол үшін әуелі білімге ден қойып, санамды сусындатуды мақсат етемін. Денімнің саулығын ойлап салауатты өмір салтын ұстануға тырысамын. Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасына өз үлесімді қосу үшін туған өлкемнің, мектебім мен үйімнің ауласын тазалауға баса мән беремін. Бұл мені жарқын болашаққа бастайтын негізгі қадамдар.
Біз кейде бар кінәні қоғамға артып қояды екенбіз. Байқайсыздар ма, жасөспірімдер арасындағы қатыгездік, буллинг, нашақорлық сынды әрекеттерді ести қалсақ, «қазір қоғам дұрыс емес» деген сарынды айыптауларды көп естиміз. Алайда қоғамды қалыптастыратын – біз. Әр адам өз өмірінің қожасы. Ғұмырыңды түрлендіріп мәнді ету де, есірткіге елітіп, қараңғы түнекке айналдыру да өз қолыңда. Сондықтан әрбір істі бастамас бұрын «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген қағиданы ұстанған абзал.
Мен өмірді сүйемін. Менің дауысым, қоғамның үні. Егер сен де болашағы жарқын елде өмір сүргің келсе, өз үніңді қос. Есірткіге жолама. Білімді ұрпақтар сабақтастығын бірге жалғайық, жас дос!
Балтабаева Талшын
10 сынып оқушысы,
45 “ Ақ орда” мектеп-гимназия
Шиелі ауданы