Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз болашақ: қоғам үні

Есірткісіз болашақ: қоғам үні

 Әр адамның арманы бар. Бірі білімді азамат болуды қаласа, енді бірі үлкен жетістікке жетіп, еліне пайдасын тигізуді армандайды. Ал сол армандардың орындалуы үшін ең алдымен денсаулық, саналы таңдау және жарқын болашаққа деген сенім қажет. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда жас ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін өзекті мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік.
Есірткі -адам өміріне балта шабатын, денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, отбасы мен қоғамға да үлкен қайғы әкелетін қауіпті құбылыс. Оның соңы адамның асыл армандарынан алыстап, өмірдегі мүмкіндіктерін жоғалтуына әкелуі мүмкін. Сондықтан есірткіге қарсы күрес – тек бір мекеменің немесе бір отбасының міндеті емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Мен жетінші сынып оқушысы ретінде өз қатарластарымды салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді пайдалануға, білім мен өнерге ұмтылуға шақырамын. Нағыз батылдық – жаман әдетке еліктеу емес, өз ұстанымыңды қорғай білу. Нағыз ерлік – зиянды әрекеттен бас тартып, дұрыс жолды таңдау.
Біз есірткісіз қоғамды қалаймыз! Ол үшін әрбір жас өз өміріне жауапкершілікпен қарап, күмәнді ұсыныстарға «Жоқ!» деп айта білуі керек. Ата-ана баласына бағыт-бағдар берсе, ұстаз білім мен тәрбие дарытса, қоғам жастарға қолдау көрсетсе, ортақ мақсатымызға бірге жете аламыз.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», – деген ұлы ойшыл Әл-Фарабидің сөзі де адам бойындағы рухани құндылықтардың маңызын аңғартады. Білімді, тәрбиелі, дені сау ұрпақ – елдің ең үлкен байлығы.
Менің ойымша, болашақтың жарқын болуы әрқайсымыздың бүгінгі ісімізге байланысты. Біз есірткіге емес – білімге, жаман әдетке емес – өнерге, бейқамдыққа емес – жауапкершілікке бет бұруымыз керек.
Есірткісіз болашақ – бақытты ұрпақтың таңдауы!
Біз өмірді таңдаймыз, біз жарқын болашақты таңдаймыз!
Шиелі ауданы
49 орта мектеп
Бексотова Аяулым
7-сынып оқушысы
29 қазан 2026 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

№80 (9447)

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30