Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Берік отбасы-есірткіден алыс!"

"Берік отбасы-есірткіден алыс!"

"Берік отбасы-есірткіден алыс!"
Әкесі:
Құрметті, барша қазақ елі!
"Берік отбасы - есірткіден алыс" ұранымен барша Отандастарымызға үндеу жолдаймыз!
Мен өз отбасымның Отағасы ретінде Отанымның болашақ жұлдыздарын есірткіден аулақ болуға, зиянды әдеттерден сақтандырып отыруға күш-жігерімді саламын.
Есірткі - адамзаттың қас жауы және өлім себелеуші,жас өмірдің тамырына балта шабатын зұлмат күшке ие.
Анасы:
Отбасы - шағын мелекет деп тегін айтылмаған. Отбасы тәрбиесімен ұрпақтарымызды салауатты өмір салтына үйретіп, қоғам болып есірткісіз кемел Қазақстанның іргетасын нығайту - баршамыздың парызымыз!
Мен аналық ақ жүрегіммен барша қазақтың жастарын есірткі сияқты аты жаман әдеттен аулақ болуға, болашақтарына сызат түсірмеуге шақырамын!
Есірткі - адамзат баласына қасірет пен қайғы әкелетін зұлмат. Жарқын өмірлеріңізді қараңғы түнекке айналдырмаңыздар.
8-сынып оқитын қызының сөзі:
Мен Қазақстан Республикасының есірткі қылмысына қарсы саясатын қолдай отырып, барша замандастарыма, құрбы-құрдастарыма, достарыма үндеу жариялаймын!
Салауатты өмір салтын ұстанатын білімді, дені сау жастары бар ұлттың болашағы да жарқын болмақ.Жастар - бойында күш-қуаты тасыған, жастық жігері мол, жаңалыққа жаны құмар жандар. Сол құмарлықты есірткі сияқты зиянды, жаман заттарға алмастырып алмайық!Дүниенің бір кетігіне кірпіш болып қалансам деп, өзімізге ғана лайықты дара да сара жол іздейік!
Мен сіздерді, Қазақстанның даму жолында , салауатты мәңгілік ел құруға шақырамын!
6-сынып оқитын қызының сөзі:
Есірткі бүкіл қоғамның қасіреті. Сол есірткіден жас ұрпақты алшақтату біздің жастардың қолында. Ендеше достар, қасіретсіз бақытты, табысты, жарқын ғажайып өмір сүргің келсе, есірткіден аулақ болуға шақырамын.
2-сынып оқитын қызының сөзі:
Әрбір патриот оқушы - есірткіге мүлдем жол бермейді! Өз өміріміз бен денсаулығымыз - өзіміздің қолымызда!
Сондықтан мен сіздерді: зиянды жаман әдеттерден қашыңыздар, жаман ниетті адамдардан аулақ жүріңіздер, бос уақыттарыңызда спортпен айналысып, өнер үйренуге шақырамын.
#противнаркотиков, #есірткігеқарсы
№158 орта мектебінің 8 «Б» сынып оқушысы Қалмағанбетова Ақсезім
14 ақпан 2022 ж. 620 0