Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін



#есірткігеқарсы,
 #противнаркотиков 
Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша күн тәртібінен түспей тұрған ең өзекті мәселенің бірі -осы есірткіні айтуға болады. Есірткі әлемге жайылған нашақорлық дерті. Бұл мәселеде Қазақстан мемлекеті де қауіпсіздік шараларын барынша күшейтіп, есірткі, психотроптық заттардың сырттан келуі мен өз ішімізде сатылуын тоқтатуына тосқауыл қойып мықты жұмыс жасап жатқанын теледидардағы жаңалықтардан көріп жүрміз. Елбасымыз Қасым – Жомарт Тоқаев Кемелұлы жастарға барынша сенім артып, жастардың келешегі үшін жаңа бастамалар көтерді. Мен және менің сыныптастарым Елбасымыздың саясатын барынша қолдай отырып, барша Қазақстандықтардысалауатты өмір салтын ұстап, есірткіден аулақ болуға шақырамын!
Құрметті де жалынды Ж А С Т А Р!
Мен сіздерге есірткі жайлы айтып берейін, ақ – қарасын ажыратып, болашақ өмірлеріңізге, алдағы жарқын күндеріңізге таңдау өз қолдарыңызда!
  • Есірткіні тасымалдау, заңсыз дайындау, сату, қолдану әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады
  • Есірткіге тәуелді адам сан түрлі қулыққа, өтірікшілікке, өз - өзін жоғалтуға барады
  • Есірткі адам өмірін қысқартады, оны қолданған адам қауіпті аурудың түріне шалдығады, психикалық ауруға шалдығады
М Е Н сіздері
  • Еліміздің болашағы үшін есірткіден мүлдем бас тартуға, әдепсіздіктен, теріс пиғылдан бойымызды аулақ ұстауға
  • Ішімдіксіз, темекісіз, нашақорлықсыз ел болуға Н А С И Х А Т Т А Й М Ы Н!
Қ А Д І Р Л І   Д О С Т А Р!
Біз, мәңгілік елдің болашағымыз. Қазақ елінің ертеңі үшін білімді, білікті және де өз салт – дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді жоғалтпай сақтап қала алатын жастар болуымыз қажет. Осы уақытқа дейін ата – анамыз бен ұлағатты ұстаздарымыздан алған тәрбие мен білімімізді болашақта тек жақсы жаққа жұмсап, ғасыр дертіне айналған нашақорлықпен бірге күресейік! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - дегендей болашағымызға балта шабатын есірткіге бірге қарсы тұрайық
Шиелі ауданы, Жақсылық Әсел
                                                               №244  Ы. Жақаев Атындағы мектеп
26 қаңтар 2022 ж. 892 0