Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...


Құрметті Қазақстан жастары!

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, мемлекеттің белсенді мүшесі, елдің тірегі болып саналады. Елімізде жасалып жатқан игі істердің барлығы жастардың кемел болашағы үшін жасалуда.
Қазақстан Республикасының есірткі қылмысына қарсы күрксті күшейту туралы саясатын толық қолдай отырып, мен Қазақстан жастарына үндеу жариялаймын.
Менің замандастарым, құрбы-құрдастарым! Есірткіні қолдануға салдары туралы білмеушілік, ортаның әсері, қызығушылық, жігерсіздік, экономикалық қиыншылықтар, ата-анамен, педагогтермен, достармен керісіп қалу, өзін-өзі төмен бағалау, селқостық т.б. жағдайлар себеп болуы мүмкін. Бірақ оның салдары сіз ойлағаннан да жаман боларын ұмытпаңыз.
Айналаңыздағы достарыңыздың, араласатын жақындарыңыздың қиыншылықтарына бей-жай қарамаңыз. Дәл сол адам сіздің көмегіңіз бен қолдауыңызға зәру болуы әбден мүмкін.
Есірткінің өлімге тікелей апаратын жол екенін, есірткі деген денсаулықсыз өмір екенін, есірткінің өмірді босқа өткізу екенін айтудан шаршамайық!
Денсаулық – бұл байлық, есірткі – бұл өлім!
Спортпен айналысу, түрлі үйірмелерге қатысу, тіл меңгеру мақсатында курстарға қатысу, пайдалы білім жинау, рухани құндылықтарды бойға сіңіру арқылы кемел адамға айналып, жасампаз Қазақстанды Мәңгілік елге айналдыру жастардың қолында!
#есірткігеқарсы, #противнаркотиков


Қарынбаев Алдияр,
№158 орта мектептің 8-сынып оқушысы
24 қаңтар 2022 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930