Мен саған есірткі жайлы айтып беремін!
Қоғам байлығы – адам, адам байлығы – денсаулық дейміз. Бірақ қоғамның өзекті мәселесінің бірі – нашақорлық екені белгілі. Есірткі адам денесін улап, зиянын тигізеді. Қоғам байлығы – адам, адам байлығы – денсаулық дейміз. Бірақ қоғамның өзекті мәселесінің бірі – нашақорлық екені белгілі. Есірткі адам денесін улап, зиянын тигізеді.
Қызығушылықтан дәмін татып көрген адам айықпас дертке шалдығып, өмірге деген құлшынысын, арманын таптап өтеді. Есірткімен ажырамас дос болып, тәуелдігі күннен-күнге арта береді. Осылардан біз қалай құтыламыз? Адам өмірді жақсы көру керек. Өзін жақсы көрген адам өзіне қиянат жасамайды. Салауатты өмір салтын ұстанады. Тура жолдан адасып, түрлі ойын-сауық кештеріне бас сұқпайды.
Жастардың есірткіге тәуелділігі өзекті мәселенің бірі. Есірткінің алдын алу үшін балаға ата-ананың рөлі зор. Есірткісіз де өмірдің мән-мағынасы, арманы айқын орындалуына көз жеткізу қажет. Бұндай түйткілді мәселелердің мән-жәйін анықтап, бей-жәй қалдырмай қарекет қылған абзал. Мен ертеңімді есірткісіз жаңа заман талабына сай, дамыған отыз елдің қатарынан көремін.
Тәуелсіз Қазақстанда есірткіге тәуелділік белең алған кезең. Адам өмірінің өлшеулі кезеңдерін қысқартатын бірден-бір себеп–есірткі.Есірткінің ертеңі бұлыңғыр екенін біле отыра қилы-қилы тағдырларға ұшырасып жатамыз. Адам–қоғамның айнасы іспетті. Қоғамда қалай әрекет етсең, ісің солай жүзеге асады. XXI ғасыр жаһандану заманында жаңашылдықтың жарсышы болу – бізге міндет. Сондықтан, есіркісіз де өміріңді ғажап етуіңе болатынын жасөспірімдерге кеңінен насхаттауға тиіспіз. Айналамдағы достарыма:есірткісіз өміріңді елестете аласың ба дегенімде, қоғамдағы кері проблемалардың бәрі есірткіден болатынын айтты. Жастар арасындағы асқынған дерттің алдын алу үшін жастарға жаңашыл бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұруды ұсынар едім.Есірткісіз де ертеңімізді ғажайып сәттерге толы етіп өткізуге болатынын жастарымызға дәлелдейік!
№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің
8 «Ә» сынып оқушысы Өтегенова Нұрдана
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылы
#УПНДПКЗО
8 «Ә» сынып оқушысы Өтегенова Нұрдана
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылы
#УПНДПКЗО