Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ


Мемлекет басшысының 2027 жылды «Халықтық құрылыс жылы» деп жариялау жөніндегі бастамасы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін стратегиялық маңызы зор шешім.

Бұл бастама – тек құрылыс жұмыстарын жүргізу емес, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлер арасындағы даму теңгерімін сақтауға және ауыл-аймақтардың әлеуетін нығайтуға бағытталған ауқымды ұлттық жоба.

Жолдардың жаңаруы, инженерлік инфрақұрылымның дамуы, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың салынуы – азаматтардың күнделікті тұрмысын жақсартатын нақты қадамдар. Әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының жаңғыруы ел болашағына салынған инвестиция болмақ.

Халықтық құрылыстың басты құндылығы – әрбір азаматтың игілігіне бағытталған нақты нәтиже. Өйткені елдің өркендеуі тек ірі қалалардың дамуымен өлшенбейді. Әрбір ауылдың ажары, әрбір ауданның инфрақұрылымы, әрбір елді мекеннің әлеуметтік әлеуеті – тұтас мемлекеттің даму көрсеткіші.

Сондықтан бұл бастамаға барша қоғамның қолдауы мен ортақ жауапкершілігі қажет. Бүгінгі қолға алынған игі істер – ертеңгі ұрпаққа қалатын баянды мұра. Халықтық құрылыс – халық игілігі үшін, ел болашағы үшін жасалатын тарихи қадам!

Аида Ташкенбаева
25 қараша 2026 ж. 25 0