ЖОЛДАУ – БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒДАРЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі стратегиялық басымдықтарын айқындап, экономикалық өсім мен қоғамдық дамудың маңызды бағыттарын белгіледі. Жолдауда инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру, энергетикалық әлеуетті арттыру, цифрлық экономиканы қалыптастыру және жасанды интеллектіні кеңінен енгізу мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар адами капиталды дамыту, сапалы білім беру, ғылымды қолдау және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеттері ерекше маңызға ие.Бүгінгі заманның басты капиталы – білім, ғылым және адам әлеуеті. Жоғары оқу орындарының міндеті – еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау ғана емес, елдің технологиялық және ғылыми дамуына үлес қосу. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруға, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға, инновацияларды дамытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады. Еліміздің тұрақты дамуы – ортақ жауапкершілік пен жасампаз еңбектің нәтижесі. Білім мен ғылымға негізделген болашаққа бірге қадам басайық!







