Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіске ұмтылған отбасы

Жеңіске ұмтылған отбасы

Кеше Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдени-шығармашылық орталығының ұйымдастырумен қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған «Отбасым – бақыт ордасы» атты отбасылар арасындағы аудандық эстафеталық сайыс өтті.
Сайыстың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жанұялар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.
Отбасылық эстафета «Тәуелсіздік спорт» кешеніндегі спорт алаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен басталды. Сайысты спорт саласының ардагері Садық Ермағамбетұлы сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа ауданның әр ауылынан ең белсенді, ең тату, батыл 4 отбасы қатысып, өзара бақ сынады. Әкесі, анасы, балалары бір команда болып, бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Олар алдымен өз командасының ұранымен таныстырды. Одан кейін сайыскерлер 4 кезең – «Допты түсірме», «Кім епті?», «Шеге қағу», «Арқан тартыс» эстафеталары бойынша тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Тартысты өткен сайыс нәтижесімен І орынды Ә.Тәжібаев ауыланан «Шармахановтар» отбасы жеңіп алса, жүлделі ІІ орын Жансейіт ауылынан қатысқан «Нысанбаевтар» отбасына бұйырды. Ал, Бидайкөл ауылынан келген «Тоқмырзаевтар» отбасы ІІІ орын иленсе, Байсын ауылынан қатысқан «Әлиевтер» отбасы Алғыс хатпен марапатталды.
– Эстафетаға қатысқан барша отбасыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін сіздер эстафеталық сайыста отбасындағы бірлік пен тату тірліктің айқын үлгісін көрсете білдіңіздер. Мәуелі бәйтеректей жайқалып өсіп-өніп, мерейлеріңіз арта берсін. Берекесі артқан, ауызбіршілігі мығым, ынтымағы мол, табысты отбасы қатарынан көріне беріңіздер!, – деді қазылар алқасының мүшесі Мейіржан Ибрагимов.
Жарыста жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шара соңында эстафетаға қатысушы отбасылар керемет көңіл күймен ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, естелік суретке түсіп, ризашылықпен тарқасты.

«Өскен өңір» ақпарат
24 қараша 2026 ж. 18 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9456)

24 қараша 2026 ж.

№88 (9455).

21 қараша 2026 ж.

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30