Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Өткен аптада Б.Қабылұлы атындағы мәденишығармашылық орталығы ұйымдастыруымен «Отбасым – жүрегімнің жылуы» атты отбасылық эстафеталық сайыс өтті. Шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Додаға ауданға қарасты ауылдардан келген отбасылар қатысып, алты кезең бойынша өзара бақ сынасты. Әр кезеңде қатысушылардың ептілігі мен жылдамдығы ғана емес, ұйымшылдығы мен татулығы да сынға түсті. Әсіресе, отбасылық бірлікті талап ететін тапсырмалар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Сайыс барысында әр отбасы өздерінің белсенділіктерін көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін байқатты. Бірі шапшаңдығымен ерекшеленсе, енді бірі тапқырлығымен көзге түсті. Қатысушылар арасындағы достық көңіл-күй мен өзара қолдау жарыстың мазмұнын аша түсті. Т а р т ы с т ы ө т к е н д о д а қорытындысы бойынша бас жүлдені Жақаев ауылынан келген Амантаевтар отбасы жеңіп алды. І орын Алмалы ауылынан қатысқан Абсұлтановтар отбасына бұйырса, ІІ орынды Байсын ауылынан келген Әбдімомыновтар отбасы иеленді. Ал ІІІ орын Қарғалы ауылынан қатысқан Қайнарбековтер отбасына табысталды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында ұйымдас тырушылар отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылық екенін атап өтіп, мұндай тәрбиелік мәні зор сайыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Шын мәнінде, отбасы – мейірім мен махаббаттың, сыйластық пен сенімнің ордасы. Осындай тағылымды шаралар арқылы ұлттық құндылықтар ұлықталып, жас ұрпаққа өнеге берілері анық.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ

19 мамыр 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (9404).

19 мамыр 2026 ж.

№36 (9403).

16 мамыр 2026 ж.

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031