Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі отбасылар бақ сынайды

Мерейлі отбасылар бақ сынайды


Жуырда №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде «Мерейлі отбасы» мектепшілік байқауы ІІ кезең бойынша өтті. Шараны мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сабира Өтеева ұйымдастырып, отбасылық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесіне мән берді.
Байқаудың ІІ кезеңі «Мерейлі отбасы – татулық ордасы» тақырыбында отбасылық эстафеталық сайысты дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Г.Байділдаева жүргізді. Шараның басты мақсаты – болашаққа бағдар алып, рухани жаңғыруға бет түзеген біздің еліміздің дамыған 30 елдің қатарына енуіне жол ашу. Сондай-ақ, дені сау, білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Көк байрағымыз желбіреп, мерейі үстем елдер қатарына қосылған «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай бірлігі жарасқан жанұялардың құрамы мен дәстүрі, әулет шежіресі, бала тәрбиесі және шығармашылық қабілеттері сынға түсетін сайыстан жүлделі орын алғандары «Мерейлі отбасы» байқауының «Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі» атты ІІІ кезеңіне жолдама алды.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930