Туған жерге тағзым
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұсынған «Туған жер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Туған жерге тағзым: мектебіме тағзым» атты акциясын іске асыруға бағытталған «Ел болашағы жастар қолында» тақырыбында әртүрлі сала мамандары мектеп оқушыларымен кездесті.Бірінші сөз кезегін алған мектеп директоры Мұрат Тұрабаев Елбасымыз Н.Назарбаевтың мақаласынан туындаған өзекті ойларға тоқталып, мектепте атқарылып жатқан жұмыстар, мектеп бітіріп кеткен түлектердің демеушілігі, қамқорлығы туралы әңгіме өрбітті.
Кездесуге аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы Ақжол Мейірбекұлы, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Айдос Сұлтанов, кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалы директорының кеңесшісі Жанар Үсейнова, «Ару Ана» түйе сүтін өңдеу цехының меңгерушісі және технолог Баян Дүйсенбековалар қатысып, оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндірді.
Оқушылардың алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алуы үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткен жиында қонақтар бүгінгі қоғам талабын, кез келген жерге білікті де білімді мамандардың керек екенін айтып, «Сабақтарыңды жақсы оқыңдар», – деді.
Ерұлан ДАТКЕНОВ.