Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Қазақ ССР-нің білім беру ісінің озық қызметкері», облыстық «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегері, ардақты ұстаз Жанайдар Омаровты еске алуға арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты дәстүрлі кеш өзі еңбек еткен №181 мектепте ұйымдастырылды.Шараға ұлағатты ұстаздың қызметтес достары, сынып жетекшісі, шәкірттері мен достары, білім бөлімінің қызметкерлері мен мектеп ұжымы жиналды. Ж.Омаровтың өмір жолы, адамгершілігі мен ізеттілігі, қызметіне адалдығы жайлы естеліктер айтылып, оған арналған жүрекжарды өлең жырлары оқылды.
Сондай-ақ, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін ат­қа­рушы Ж.Баймұратова мен білім қызметкерлері кәсіп­ода­ғы комитетінің төрағасы Р.Құ­дай­бергенов Ж.Омаровты еске алуға орай мұғалімдер мен мектеп оқушылары арасында өткізілген аудандық олимпиада жеңімпаздарын марапаттады. Кешті мектеп директоры С.Бакирова қорытындылап, қатысушыларға алғыс білдірді.

«Өскен өңір» ақпарат
27 қараша 2017 ж. 2 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031