Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтырма ауруынан сақтанайық

Құтырма ауруынан сақтанайық

Құтырма – аса қаупті ауру - Ескелді елі Құтырма – табиғатта жабайы жануарларда  болатын өте жұқпалы ауру. Бұның қоздырушысы миға зақым келтіретін вирус. Құтырма вирусының қоздырғышымен барлық жылы қанды жануарлар зақымданады. Ауру қоздырғышының көзі жабайы етқоректі жануарлар болып табылады. Құтырма ауруы үй жануарларына ауырған жабайы аңдармен жанасу, шағылысу немесе шабуыл жасап бірін бірі тістеп жаралау кезінде жұғады. Құтырған ит немесе басқа жыртқыш жануар тістеген кезде адам осы аурумен ауырады. Бұрын құтыру ауруы жыртқыш аңдар арқылы тараған болса, қазіргі кезде бұл ауру қаңғыған иттер мен мысықтар арқылы таралатын болды. Себебі үй жануарларының құтыру ауруына қарсы егілмегендіктен, егесіз ит-мысықтардың көбейуінен тіркелуде.
Құтырманың вирусы қарым-қатынас арқылы, яғни, ауру жануар тістеген, сілекейлеген кезде беріледі. Құтырма ауруы адамнан адамға өте сирек жұғады. Адамдардың құтырманы жұқтыруы жарақат алған жеріне байланысты. Құтырған жануар бетті тістеген жағдайда - 90%,  қолдың білезігінен, алақаннан, саусақ басынан тістеген кезде - 63% ауруға ұшырайды. Жануарлардан зардап шекен адамдар тез арада арнайы екпе қабылдамаса, құтырмамен ауру жағдайлары 100% қайғылы жағдайға əкеліп соқтырады. Ауру басталғанда алғашқы белгілері: тістелген жердің қышуы, жазылған жарақаттар мен тыртықтар қайтадан қабынуы болып табылады. Аурудың бастапқы кезеңі өткеннен кейін дене қызуы көтеріледі, суды көргенде жұтынудың бұзылуы байқалады. Көп ұзамай аэрофобия, яғни ауаның кездейсоқ қозғалысы науқаста ұстамаға əкеліп соғады, ондай жағдай жарық түскенде, қатты дыбыстан да болуы мүмкін. Ұстаманың соңында ауыздан көп мөлшерде сілекей бөлініп, соңы өлім жағдайымен аяталады.
 Ауданда иттен жарақат алушылар саны жылдан жылға өсіп отыр. Біздің ауданда құтыру ауруының болу мүмкіндігі өте жоғары, өйткені күннен күнге көп қабатты үйлердің жəне базарлардың, маңында қаңғыған, иесіз немесе байланбаған иттер саны көбеюде. Аса қауіпті аурудан сақтанудың, оған қарсы күрестің ең басты жəне шұғыл қолданылатын шарасы, осы аурудың қайнар көзін жою болып есептеледі.
   Құтырған хайуандар тарапынан жарақат алғандардың бəрі əр уақытта бұл ауруды жұқтырушы ретінде қауіпті. Жануарларда құтырудың кейбір белгілері байқалған жағдайда, оның иесі, шаруашылықтың басшысы сол елді мекендегі мал дəрігеріне немесе ауылдық əкім мен медициналық мекеменің біріне хабарлауға тиіс. Мал дəрігері жануарды, итті оқшаулап ұстап, бақылау мерзімі біткенде оның нəтижесіне қарай шара қолданады. Аурудың алдын алу медициналық қызметкерлердің борышы. Егерде белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз өлтіруге асықпай мал дәрігеріне көрсетіңіз, мал дәрігер 10 күндік бақылауда ұстайды, осы аралықта 3 рет егу тағайындалады. Ал егерде жарақаттаған ит, мысық қашып кетсе немесе өліп қалған жағдайда 5 рет егу тағайындалады. Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарлардан балаларды аулақ, оқшаулап ұстап, дер кезінде мал дәрігерін шақыру керек. Ит, мысық асырайтын болсаңыз, мал дәрігеріне көрсетіп, кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріп тұруларыңыз керек.
 Құтырма ауруы өте қауіпті аурудың қатарына жататындықтан, ит тістеп жарақат алған адам сабынды сумен жараны жуып, дер кезінде дəрігерге көрініп, жағдайының ауырлығына байланысты егілуге тиіс. Жарақаттарды емдеу бөлімінде тегін құтырмаға қарсы екпе курсы тағайындалады. Екпе ақысыз жүргізіледі. Мейлінше күшті иммунитет адамдарды құтыру ауруынан сақтап қалу үшін керек. Аурудың қауіпті кезеңі ұзақ болғандықтан, жыртқыштан, жануардан жарақат алған адамдар бір жылға дейін аурудың белгілері білінбей жүре береді, бірақ кенеттен өліп кетуі мүмкін. Сол үшін ауруға немқұрайлы қарамай, дереу дəрігерге көмек алуға ұмтылайық.Өз денсаулығыңыз, өз қолыңызда екенін естен шығармайық!
Г.Айтекеева
Шиелі ауданық СЭББ басшысы
20 қазан 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9447)

20 қазан 2026 ж.

№79 (9446).

17 қазан 2026 ж.

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031