Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтырма ауруынан сақтанайық

Құтырма ауруынан сақтанайық

Құтырма – табиғатта жабайы жануарларда  болатын өте жұқпалы ауру. Бұның қоздырушысы миға зақым келтіретін вирус. Құтырма вирусының қоздырғышымен барлық жылы қанды жануарлар зақымданады. Ауру қоздырғышының көзі жабайы етқоректі жануарлар болып табылады. Құтырма ауруы үй жануарларына ауырған жабайы аңдармен жанасу, шағылысу немесе шабуыл жасап бірін бірі тістеп жаралау кезінде жұғады. Құтырған ит немесе басқа жыртқыш жануар тістеген кезде адам осы аурумен ауырады. Бұрын құтыру ауруы жыртқыш аңдар арқылы тараған болса, қазіргі кезде бұл ауру қаңғыған иттер мен мысықтар арқылы таралатын болды. Себебі үй жануарларының құтыру ауруына қарсы егілмегендіктен, егесіз ит-мысықтардың көбейуінен тіркелуде.
Құтырманың вирусы қарым-қатынас арқылы, яғни, ауру жануар тістеген, сілекейлеген кезде беріледі. Құтырма ауруы адамнан адамға өте сирек жұғады. Адамдардың құтырманы жұқтыруы жарақат алған жеріне байланысты. Құтырған жануар бетті тістеген жағдайда - 90%,  қолдың білезігінен, алақаннан, саусақ басынан тістеген кезде - 63% ауруға ұшырайды. Жануарлардан зардап шекен адамдар тез арада арнайы екпе қабылдамаса, құтырмамен ауру жағдайлары 100% қайғылы жағдайға əкеліп соқтырады. Ауру басталғанда алғашқы белгілері: тістелген жердің қышуы, жазылған жарақаттар мен тыртықтар қайтадан қабынуы болып табылады. Аурудың бастапқы кезеңі өткеннен кейін дене қызуы көтеріледі, суды көргенде жұтынудың бұзылуы байқалады. Көп ұзамай аэрофобия, яғни ауаның кездейсоқ қозғалысы науқаста ұстамаға əкеліп соғады, ондай жағдай жарық түскенде, қатты дыбыстан да болуы мүмкін. Ұстаманың соңында ауыздан көп мөлшерде сілекей бөлініп, соңы өлім жағдайымен аяталады.
Құтырма ауруы өте қауіпті аурудың қатарына жататындықтан, ит тістеп жарақат алған адам сабынды сумен жараны жуып, дер кезінде дəрігерге көрініп, жағдайының ауырлығына байланысты егілуге тиіс. Жарақаттарды емдеу бөлімінде тегін құтырмаға қарсы екпе курсы тағайындалады. Екпе ақысыз жүргізіледі. Мейлінше күшті иммунитет адамдарды құтыру ауруынан сақтап қалу үшін керек. Аурудың қауіпті кезеңі ұзақ болғандықтан, жыртқыштан, жануардан жарақат алған адамдар бір жылға дейін аурудың белгілері білінбей жүре береді, бірақ кенеттен өліп кетуі мүмкін. Сол үшін ауруға немқұрайлы қарамай, дереу дəрігерге көмек алуға ұмтылайық.  Өз денсаулығыңыз, өз қолыңызда екенін естен шығармайық!
       
   Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
         бақылау басқармасының  бас маманы Н.Оспанов
        
23 қыркүйек 2023 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930