Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтыру ауруынан сақтанайық!

Құтыру ауруынан сақтанайық!

Құтыру  ауруы - табиғи ошақ ауруларына  жататын  жұқпалы, аса қауіпті аурулар қатарына жатады. Осы  қауіпті  аурумен  барлық  жануарлар және адам  да  ауырады.  Құтыру  ауруының  өте  қауіптілігі  бұл  ауруға  шалдыққан адам  болсын,   жануарлардың  қай  түрі болмасын  100%  өлім  жағдайымен  аяқталады. Табиғатта  ауру  қоздырғышы -  ағзасында  құтырма  ауруының вирусын  сақтаумен  және тасымалдаушы  жабайы-жыртқыш аңдар: қасқыр, шибөрі, түлкі, қарсақ, елді мекендердегі  егесіз ит  мысықтар  болып  табылады. 
Құтыру  ауруымен  ауырған  жабайы  жыртқыш  аңдардың адамды  тістеуі, жарақаттауы өте қауіпті, себебі жабайы аңдар тістеген кезде жарақатты терең салады және олардың  сілекейінде 100 пайызында, елді мекендерде  ауырған егесіз  ит  мысықтардың  сілекейінің  50  пайызында  құтыру  ауруының  вирусы  болады.  Ауру  вирусы  ағзаға  тек  жарақат  алған  кезде  ғана  емес, ауру  жануардың  сілекейі  теріге  тигенде,  терідегі  тесіктер  арқылы  енеді.  Ағзаға  енген  ауру  вирусы -  орталық  жүйке жүйесін қатты зақымдайды. Жүйке талшықтарында  вирустың  жақсы өсіп-өнуіне қолайлы орта болып  табылады. Сондықтан алынған жарақат баста, мойында, саусақтарда  болса өте  қауіпті, себебі осы жерлерде жүйке  жүйесінің майда  талшықтары  теріге  жақын  орналасқандықтан вируатың бірден  жүйке  жүйесіне еніп  кетуі  мүмкін. Құтыру ауруының  инкубациялық  жасырын  кезеңі  - бірнеше  күннен - 1 жылға дейін  созылады. Аурудың басталуы вирустің ағзаға енуіне, жарақатының  тереңдігіне, енген  вирустың қандық  көрсеткішіне  тікелей  байланысты. Құтырған  жыртқыштың  немесе ит-мысықтың мінез құлқы  өзгереді, мазасызданады, дауысы қарлығып, көзі қызарады. Кей кездерде ешнәрсеге көңіл  бөлмей тыныш  жатса, артынша  өзінен -өзі үріп, шошып,  қараңғы бұрыштарға  тығылады. Аласұрып көрінген адамды,  жан-жануарды  талауы мүмкін. Кеселдің соңғы сатысында  жануар тыныс  алу  орталығының зақымдануынан  тұншығып  өледі.
          Ауру жұққан адамның дене қызуы көтеріліп, даусы қарлығады. Көзіне әр нәрсе елестеп, ұйқысы қашады. Жұйкесі тозып, ашушуаң, үрейленгіш келеді. Қол аяғы тырысып, денесі дірілдеп сандырақтайды. Жүрегі жиі соғып, жұтқыншақ еттерінің тартылуына байланысты, тынысы тарылады. Осы кезде  ауырған адамның өліп кетуі де ықтимал.
          Қаперіңізде ұстаңыз:
Құтыру елемей жүре беретін жеңіл сырқат емес. Ауруға немқұрайлы қарау ақыры өкінішке соқтырады. Сондықтан адамды ит қауып, жануар тістеген жағдайда, жануар құтырған болсын, болмасын дереу дәрігерге қаралуы керек. Аурухананың қабылдау бөлімінде, емхананың травматолгия кабинетінде зардап шегушіге антирабикалық вакцина салынады немесе иммунды гамма-глобулин егіледі. Тістеген ит, мысық 10 күн ветеринарлық дәрігерлердің бақылауында болуы шарт. Жануардың құтырғаны анықталса, зардап шегуші ғана емес, итті, жануарды күтіп, баққандар, терісін сыпырып, өңдегендер де құтыру ауруына егілуге міндетті.
           Құрметті   аудан тұрғындары! Әрбір ит ұстаған азамат итін, ҚР Ветеринария туралы Заңының  ит, мысықтарды күтіп, ұстау ережесіне  сәйкес байлауда  ұстауы, иттерін ветеринарлық мекемелерге тізімдету, ветеринарлық  дәрігерлерге көрсетіп тұруға міндетті.
.Жануарлардан әр түрлі жарақат алғандар, сілекейі жұққандар тез арада травматолог  немесе хирург  дәрігеріне  көрініп антирабикалық көмек – егу шараларын алуы қажеттігіне  тағы да баса назар аударғандарыңызды, ескертеміз.

Шиелі аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасның   бас маманы Н.Оспанов
28 қыркүйек 2022 ж. 402 0