ҚАСҚЫРЛАРДЫҢ САНЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУ – ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРАСЫ
Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету қиынның қиыны. Қасқыр – қажетті жемтігі табылатын жердің кез келген жағдайына бейімделе білетін өте төзімді жыртқыш. Оның жоғары интеллектуалдық ерекшеліктері «аң аулауды ұйымдастыруда» оңтайлы шешімдерді табуына сеп болатындығы соншалық, «айдаушылары», бағыттаушылары және нағыз «торуылы» бар ұжымдық аулаулар ұйымдастырады. Қасқырлардың өзара қатынасы өте қатаң реттеліп отырады. Егер де араларында бір жұп әлсіз болатын болса, онда ол жұп бала туу санын шектейді. Бұл генетикалық құрамды жақсарту мақсатында жасалатыны айтпаса да түсінікті.
Бұл аң үй жануарларына паразиттік құрттарды тасымалдаушы және құтырып кету ауыруын жұқтырушы ретінде де қауіпті. Қасқырлардың адамға шабуылы туралы деректердің талдамалары да шабуылды көбінесе құтырған қасқырлар жасайтынын көрсетеді. Соңғы жылдары қасқыр саны артқан жағдайда, оларды аулауды тоқтату мен табиғи жемнің жетіспеушілігінен қасқырдың қауіпті болуы мүмкін екендігі туралы бірқатар материалдар жарық көрді.
ХХ ғасырдың орта шенінде табиғи қоғамдастықтар мен табиғатты қорғаудың экологиялық негіздерін ұйымдастыру принциптері туралы заманауи түсініктердің қалыптасуына байланысты қасқырға деген көзқарас түбегейлі өзгере бастады. Қасқыр жабайы тұяқтылар санының қалыпты өсіуін реттеуші ретінде маңызды рөл атқарушы, сондықтан да оны образды түрде «орман санитары» деп атайды. Расында да, қасқырларды жаппай атудың соңы ірі тұяқтылар санының қарқынды көбеюіне әкеліп соғады. Оның салдарынан өсімдік әлемі зардап шегеді. Әсіресе, жас ағаштардың құруы кейбір ағаш түлерінің көбеюіне және жыртқыш аңдар арасындағы бірқатар аурулардың тарап кетпеуіне кедергі келтіреді.
Қасқыр санын реттеудің негізгі іс-шараларының бірі оларды жоспарлы түрде ату болып саналады. Жоспарлы атудың негізгі мақсаты – жыртқыш аңдардың санын реттеу және биологиялық тепе-теңдікті сақтау.
Қасқырларды ату іс-шаралары барлық аң аулау шаруашылықтарында, қатаң қорғалатын табиғат аумақтарында және Алматы облысының мемлекеттік орман қорының жерлерінде жүргізіледі. Жас қасқырлар үштен-беске дейін, кәрілері – алтыдан сегізге дейін, кейде он, ал кейбіреуі он екі-он үшке дейін күшіктеуіне байланысты қасқырларды ату және аулау жыл бойы жүргізіледі. Сондықтан да орманның бұл санитарларының санын реттеп отырмаса, олар шаруа қожалықтары үшін үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы 2017 жылы саны реттеуді қажет ететін жануарлардың түрін аулауға 1550 рұқсат берді. Саны реттеуді қажет ететін жануарлардың түрін аулауға рұқсатты e-gov порталынан немесе өз жеке ЭСҚ-кілтін пайдалана отырып ХҚКО алуға болады.
Н.Орманбеков,