ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТУЫНДЫ
Қазақ тарихы – ұлттың мәңгілік жадында сақталған ұлы шежіре. Ол – ұлттың жүрегін соқтырып, рухын биіктететін киелі дүние. Сол тарихты ұлықтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізу – рухани борыш. Осы асыл мақсат аясында аудан әкімінің бастамасымен құрылған «Рухани өрлеу» шығармашылық орталығы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай ұлт рухын көтерген ерекше мәдени шара өткізді. Ш а р а б а р ы с ы н д а о р т а л ы қ мүшелері Ілияс Есенберлиннің әйгілі «Көшпенділер» трилогиясы негізінде түсірілген тарихи фильмді тамашалады. Бұл фильм – жай ғана көркем туынды емес, тұтас бір дәуірдің айғағы, ұлт жадын жаңғыртқан көрініс. Экранда қазақ жерінің азаттығы үшін атқа қонған ерлердің айбыны, ұлт тағдырын өз тағдырымен өрген тұлғалардың қайсар бейнесі көз алдымызға келді. Түбі бір түркі даласының төсінде өмір сүрген батырлар мен билердің ел үшін күресі – бүгінгі ұрпақтың рухани сертіндей әсер қалдырды. Фильм – өткенді бейнелеу ғана емес, қазақ рухының мәңгілік символына айналған елдік мұраттың көрінісі. Көрсетілімнен кейін қатысушылар ф и л ь м н е н а л ғ а н ә с е р л е р і м е н бөлісіп, шығарманың тәрбиелік және тарихи маңызын жан-жақты талқылады. Олар Ілияс Есенберлиннің шығармаларындағы басты идея – ел бірлігі мен тәуелсіздік тақырыбының мәңгілік өзектілігін атап өтті.«Көшпенділер» – тек өткеннің көрінісі емес, бүгінгі күннің де айнасы. Ондағы елдік рух – бізді бүгін де біріктіріп тұрған күш. Фильм жастарды атабаба жолын ұлықтауға, елге деген сүйіспеншілікті арттыруға, рухани тұтастыққа жетеледі. Шара барысында «Рухани өрлеу» шығармашылық орталығының белсенді мүшелері мен ел мәдениетіне үлес қосқан азаматтар Әдеп жөніндегі уәкілдің Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл марапат – олардың ұлт руханиятына қосқан еңбегіне деген құрмет, ал ең бастысы – рухани еңбектің қоғамдағы мәнін тану. «Рухани өрлеу» орталығы соңғы жылдары аудан мәдениетінің жүрегіне айналып отыр. Олардың әр бастамасы – ұлттық сана мен адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған нақты қадам. Ілияс Есенберлин – ел тарихын көркемдікпен сөйлеткен ұлы тұлға. Оның «Көшпенділері» – ғасырлар қойнауынан жеткен ұлт үнінің жаңғырығы. Осы фильмді тамашалау – өткенге тағзым, бүгінге ой, ертеңге үміт. Біз тарихқа үңілген сайын өзімізді, өз тегімізді, өз рухымызды танимыз. Өйткені, өткенін ұмытқан ел – болашағын жоғалтады ал өткенін ұлықтаған ұлт – мәңгілік елге айналады. Бүгінгі ұрпақтың міндеті – сол рухани сабақтастықты үзбей, бабалар аманатын сақтау. Сондықтан мұндай рухани іс-шаралар – тек мәдени оқиға емес, ұлттық сана жаңғыруының нақты көрінісі. 
Сұлушаш МАДИЯРОВА
		






