Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем

Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы үшін туған жердің тарихын білу – парыз. Біз архив саласында еңбек ете жүріп, ел тарихының алтын парақтарын сақтап, келешек ұрпаққа аманат етуді басты мақсат санаймыз. Архив құжаттарында сақталған деректерден қазақ жерінің кеңдігі ғана емес, елдік пен ерліктің де дара көрінісі байқалады.
Сан ғасырлық тарихы бар халқымыздың жүріп өткен жолы – ұлы мұрат жолы. Қазақ хандығының құрылуынан бастап, Алаш арыстарының мұрасынан, Тәуелсіздікке дейінгі күрес жолдарынан сыр шертетін архивтік құжаттар – елдігіміздің мәңгілік айғағы. Қазақстан – тек географиялық атау ғана емес, ол – біздің түп-тамырымыз, рухани тірегіміз. Еліміздің әрбір азаматы осы жердің тағдырына жауапты екенін сезініп, Отанға деген сүйіспеншілікпен, бірлік пен ынтымаққа негізделген рухта өмір сүруі қажет.
Ләззат Шонабаева,
Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві
КММ Шиелі аудандық архиві филиалының инспекторы