Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Архив – ел тарихының қазынасы» (Архив қорындағы құжаттардан)

«Архив – ел тарихының қазынасы» (Архив қорындағы құжаттардан)


Елбасы Н.Назарбаевтың 21 қараша 2018 жылғы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Архив-2025» бағдарламасы бастау алды. Ұлт тарихын ұрпақ бойына сіңіру бағытында жүзеге асырылатын Президентіміздің ел тарихын жасақтауда архивтегі көптеген ғылыми құжаттардың айналымға түспегенін ескертіп, «Олар әлемнің бүкіл архивтерінде іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік архивтер дүниесіне елеулі іргелі зерттеу­лер жүргізу үшін «Архив-2025» атты жетіжылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын». Еліміздің өткенін зерттеп, електен өткізуіне қажетті құнды деректердің көзі болып табылатын бір ғана мекеме бар, ол – архив. Архив ел тарихының қазынасы.


Шиелі аудандық архиві ведомстволық архивтердің жұмысын мекемелермен ұйымдармен тікелей байланыста жұмыс жүргізеді. Құжаттардың құндылығын сараптау архивтанудың аса жауапты саласының бірі болып саналады. Біліктілік пен тиянақтылықты талап ететін, тек нормативтік құжаттар негізінде ғана емес, жан-жақты зерттеліп, зерделенетін ертеңге қалар тарихтың құнды болуын нақтылайтын жұмыс, құжаттарды өз дәрежесінде бағалау – ұлттық архив қорын құнды құжаттармен толықтыру болып табылады.
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделгендей ұйым архивінің пас­порты жыл сайын жасалып, құжаттардың нақты есебі жүріп отыруы қажет және жинақ есеп үшін толықтыру көздері құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы жинақ төлқұжат толтырылып, мемлекеттік архивке жыл соңында тапсырылуы қажет.
Өзіміз жұмыс жасайтын Шиелі аудандық архивінде аудан тарихын қамтитын мыңдаған құжаттар бар. Шиелі аудандық Кеңесі атқару комитетінің №1 қордағы тарихи деректері бойынша Шиелі қыстағына жер аударылып келген азаматтардың саны 1944 жылы -95, 1945 жылы -681, барлығы -776 азаматтар тіркелгендігі және аудандағы көшелерге атау берілгендігі жайлы мәліметтер архив қорында сақтауда тұр.
Негізі, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сүйенсек 212 қорда, 45659 құжат сақтауда бар. Оның ішінде 17759 тұрақты сақталатын құжаттар, атап айтар болсақ, 1986 жылдан басталатын аудандық атқару комитетінің шешімдері, қарарлары, жиналыс хаттамалары, аудандық мәслихаттың, нотариалды кеңсенің, халық сотының, аудан көлеміндегі барлық ауылдық кеңестер мен ауыл округтерінің құжаттары. Ал, 27725 құжат аудандағы мекемелер мен ұжымдардың жеке құрам құжаттары екенін айта кеткен жөн.
Қорыта келе, алдағы уақытта мемлекеттік архив қорын құнды да сапалы құжаттармен толықтыруда бірлесе атсалысып, жұмысты ұйымдастыруда жаңарған қағидаларды негізге ала отырып, өз дәрежесінде жүзеге асыру алдағы уақыттағы ортақ міндетіміз екендігін атап өткім келеді.

Ерболат Дүйсенбаев,
Қызылорда облысының мемлекеттік архиві КММ-нің
Шиелі аудандық филиал басшысы.

19 ақпан 2019 ж. 1 814 0