Жастарды жетістікке жетелейді
Ұлы даланың жеті қырының кез келгені – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау оны сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі. Айтылып өткен мәдени құндылықтарымыздың қоғам санасының тарихи жаңғыруы үшін Елбасы Н.Назарбаев ұсынып отырған жобалар толықтай жауап беретіні анық. Оның ішінде, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарлама-сын іске асыру еліміздің тарихын түгендеуге мүмкіндік береді. Түркі әлемі ежелден Қазақстанды − күллі түркі халықтарының қасиетті қарашаңырағы ретінде мойындайды. Ал, Түркістан халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады деген сөздер әрбір қазақтың жүрегіндегі мақтаныш сезімін оятады деп ойлаймын. «Түркі өркениеті: түп-тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаның аясында Түркістан қаласында, тарихи мұраларымыздың негізін-де түркі әлемінің орталығын – музейін ашу, өткенмен қазіргі уақыттың тығыз байланысын көрсетумен қатар, келесі ұрпақ үшін де маңызы зор болар еді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемле-кетіміздің нығаюына септігін тигізетініне толық сенімдімін. Өйткені, тари-хын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді.
Гүлмира Мұсабекова,
Нартай ауылы, «Қарлығаш» бөбекжай басшысы.