Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы мақаласы түркі тілдеріне аударылады

Елбасы мақаласы түркі тілдеріне аударылады

Халықаралық түркі академиясы Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түркі тілдеріне аудару туралы бастама көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24». Академияның аға сарапшысы, түркітанушы, профессор Қыдырәлі Қоңқабаевтың айтуынша, мақаланың қырғыз тіліндегі нұсқасы бір күннің ішінде дайын болған. Енді корей тіліне аударылып жатыр. Сондай-ақ жақын күндері чуваш, якут және алтай тілдеріне тәржімалау жұмыстары аяқталады. Ғалым «түркі әлемі әлі де зерттеуді қажет етеді, сондықтан құнды құжаттарды жинақтау, зерделеу оны елге таныстыру жұмыстарына атсалысуға дайынбыз», – дейді.  Қыдырәлі Қоңқабаев, Халықаралық түркі академиясының аға сарапшысы: - Біздің қолымызда 700-ден астам Орхон-Енисей жазбасы бар. Солардың барлығы бір жерде қалған. Әрқайсысының өзінің тарихы бар. Ішінде жоғалып кеткендері де бар. Солардың бәрін жинақтап, керек болса Астанада Орхон-Енисей жазба естеліктерінің, Күлтегіннің, Тоныкөктің, тағы басқа ұлы адамдарымыздың құрметіне қойылған галерея болса.

25 қараша 2018 ж. 1 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930