Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар тілегі назардан тыс қалмайды

Тұрғындар тілегі назардан тыс қалмайды

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапқаны белгілі.
Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікірді міне, осы екі ауыз сөзге сыйдыруға болады. Бізді қуантатыны, айтылған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады.
Жуырда ғана аудан әкімі Айтбай ­Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге коммуналдық мекемелердің жұмыс барысын аралап, көрсетілетін қызметтердің сапасын және тұрғындарға қолайлы жағдайлардың жасалу деңгейін зерделеді. Алғашқы кезекте аудан әкімі «ҚЭТТК» АҚ-ның төлемдерді қабылдау бойынша орналасқан кассалық бөлімінің жұмысын бағамдап, тұрғындардан түскен өтініш-тілектерге назар аударды. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелерді пысықтап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
Келесі кезекте аудан басшысы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін «Жиделі топтық су құбыры» бөлімшесінің жұмысымен танысып, нысанның техникалық жағдайын, сумен қамту жүйесінің тұрақтылығын және көрсетілетін қызмет сапасын бақылап көрді. Сала мамандарымен кездесіп, жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және туындауы мүмкін ақаулардың алдын алу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ аудан әкімі Салтанат сарайын аралап, нысанның материалдық-техникалық базасымен, ғимараттың күтімі және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасымен танысты. Нысанды тиімді пайдалану және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар тапсырма жүктеді.

«Өскен өңір» ақпарат
20 ақпан 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (9379)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728