АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек сұрап, денсаулық сақтау саласына, тұрғын үй мәселесіне, қоғамдық көліктердің белгіленген бағытын өзгертуге қатысты сауалдар көтерді.
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша келген азаматтарға брінеше бос жұмыс орындары ұсынылып, білімінің сәйкестілігіне қарай жолдама берілетін болды. Ал тұрғын үй кезегіне қатысты сауалмен келген азаматтарға аудан әкімі тұрғын үй беру заң аясында кезек тәртібімен берілетінін баса айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.
Қабылдау соңында аудан әкімі Нұржан Ахатов тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, кейбір мәселелерді әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен аудандағы мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды қадап тапсырды.