Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік мәселелер қаралды

Әлеуметтік мәселелер қаралды


Кеше Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде аналарға арналған қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Түрлі мәселемен келген 200-ге жуық көпбалалы және жалғызбасты ананы аудан әкімі Ә.Оразбекұлы бастап, барлық орынбасарлары, тиісті сала басшылары қабылдады.

Аудан басшысы мәдениет үйінің залында уәжін айтып келген аналардың ұсыныс-пікірлерін, сұрақтарын тыңдады. 3 сағатқа созылған жиында әкімдік қызметкерлері келушілердің әрқайсысын жеке-жеке қабылдады. Жиналғандардың біразы көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыға көңілі толмайтындарын айтады. Тағы бірін тұрғын үй мен жылжымайтын жер кезегі алаңдатса, өзгелері ауру баласына көмек сұрап, жұмыс тауып берулерін өтініп келген аналар. Жиында кейбір аналар ашуға мініп, ұрыс шығарғанымен, барлығының жүзінен ертеңгі күнге деген үміт пен сенім барын аңғардық.
Кездесу барысында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы көпбалалы аналардың тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлер толық зерделеніп, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданатынын, көтерілген барлық мәселе тікелей өзінің бақылауында болатынын жеткізді.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ.
12 ақпан 2019 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930