Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ


Жуырда аудан әкімі Әшім Оразбекұлы алтын құрсақты аналарды қабылдап, игі тілегін білдіріп, алтын және күміс алқалар табыс етті.Ана туралы айтар болсақ, сөз бай­лы­ғымызды жеткізе алмай қиналатынымыз бар. Себебі бұл – шегі жоқ әңгіме. Қаншама мықты ақын-жазушылар өздерінің туындыларына арқау етсе де, «Ана» сөзінің шыңына шыға алған емес.
Иә, аналардың барлығы бірдей. Бала десе барын салады. Содан болар «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген қанатты сөз жиі айтылады. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
Осы секілді асыл аналардың қасиетін сөз еткен аудан әкімі Әшім Оразбекұлы: «Алтын алқа мен күміс алқа иегерлері дегенге үлкен апалар келеді деп күткен едім. Бірақ жап-жас келіншектердің келіп отырғандары қуантады», - деді. Сонымен қатар, шара барысында аудандық «Нартай» өнер мектебінің өнерпаздары аналар туралы әндерін тарту етті. Аналардың көңілін көтеріп, жүздеріне күлкі ұялатты. Шаттыққа бөледі.

Е.ДАТКЕНОВ.
09 желтоқсан 2017 ж. 2 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930