Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » он баланы тапкан ана, барлығын жеткізіп баққан ана

он баланы тапкан ана, барлығын жеткізіп баққан ана

Ол кісі 1949 жылғы 15 тамызда Тартоғай елді мекенінде дүниеге келген. Туған ауылындағы орта мектепті бітіріп, кірпіш зауытында қызмет атқарған. Осылайша, жастайынан буыны қатып беки қоймаған жас қыз еңбектің қызу майданына араласып кетеді. Кірпіш зауытында оңай жұмыс жоқ. Тіпті, ер азаматтардың өзі шыдас беруі қиын. Сонда да кездес­кен қиындыққа мойымай «еңбекпен тапқан нан тәтті» деген қағиданы ұстанып жұмыс жасайды. Өмір ағымы осылай өріле бастағанда Төлеген Бабыров деген азаматпен танысып, көңіл жарастырып тағдырын мәңгілікке тоғыстырады. Өмірлік жарымен бірге «Бірлік» ұжымшарында еңбек етеді.
«Бейнеттің түбі – зейнет екенін» жақсы түсінген Сейсенкүл Мәлікқызы талмай еңбектеніп, жарқын болашаққа үміт артып жүреді. Үміті алдамайды, жүрек түкпіріндегі сенім үдесі алға қарай жетелеген сайын көздеген мақсаттарына да қол жеткізе бастайды. «Бірлік» ұжымшарында 22 жыл жұмыс жасап, 1990 жылы зейнеткерлікке шығады. Отағасы екеуінің көп уақыты Бейбіт, Сүлеймен, Ержан, Ербол, Еділ, Жайық атты алтын асықтай алты ұл мен Майра, Ләйлә, Гүлназ, Жазира есімді күміс қасықтай төрт қызды тәрбиелеумен өтетін. Әр баласы өзінше бір төбе және әрқайсысы әр саланың тізгінін ұстап отырған азаматтар.
Бүгінде ұл-қыздарынан тараған 36 немере мен 12 шөберенің қызығын көріп, ұрпақтарының ақылшысы болып отырған Сейсенкүл Айдарова шаңырағының шаттығына айналған.Біз әңгіме арқауына айналдырған Сейсенкүл апамыз еліміздегі миллиондаған алтын құрсақты аналардың бірі ғана. Отбасының ұйытқысына айналып, ынтымақ пен берекені сақтап отырған мұндай кейуаналардың басқан әр қадамы бүгінгі ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Қазір бір-екі бала тауып, жұмыс істеуім керек деп бала санын шектеп жатқан жастар осындай ақ жаулықты аналардан өнеге алсын.

P.S: Мақаланы компьютерде басып отырып, фейсбуктағы мына бір жазбаға көзім түсіп кетті. «Бір анадан:– Қай балаңды жақсы көресің, – деп сұрапты. Қойылған сұраққа: – Ауырған баламды жазылғанша, шығып кеткен баламды оралғанша, кіші баламды өскенше жақсы көремін. Кеудемдегі жүрегім тоқтағанша барлығын жақсы көріп өтемін, – деп жауап беріпті әлгі ана».
Шынында да бала десе көңілі жай таппайтын, түн ұйқысын төрт бөлетін асыл аналарымыздың орны қашанда бөлек.
Азиз БАТЫРБЕКОВ.
23 қараша 2017 ж. 1 904 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031