Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨНЕР ҰЖЫМЫ ШИЕЛІДЕ

ӨНЕР ҰЖЫМЫ ШИЕЛІДЕ

Жуырда облыстық «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі ауданымызда болып, көрермендерімен қауышты. Бұл ұжым – Сыр бойының төлтума өнерін, ұлттық фольклорын насихаттау мақсатында 2009 жылы облыстық филармония жанынан құрылған. Қазіргі таңда ансамбльдің құрамында 10-нан аса кәсіби маман жұмыс жасайды. Ансамбльге халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, баяншы Нұрбай Нұрғиса жетекшілік етеді.Өнер ұжымы алдымен Бидайкөл елді мекенінде болып, ауылдағы «Алтын күз» мерекесінде өнер көрсетті. Одан соң Ақмая ауылы мен 21 бекеттің тұрғындарын әсем ән мен тәтті күйге бөледі. Жанды оркестрдің өнеріне сүйсінген шиеліліктер шығармашылық ұжымға алғыстарын айтып, ақ тілектер жаудырды.
Бүгінде ансамбль репертуарындағы қазақ композиторларының күйлері мен халық әндері жаңаша өңдеумен көрермендер назарына ұсынылып жүр. Қоржынында 100-ден астам шығармасы бар кәсіби ұжым облыстық, республикалық, халықаралық мәдени шараларға белсене атсалысып отырады. Сонымен бірге түрлі байқау, конкурстарға қатысып, кәсіби деңгейлерін, шеберліктерін шыңдап, үнемі шығармашылық ізденіспен жүреді.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
15 қараша 2017 ж. 1 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9138)

30 қыркүйек 2023 ж.

№76 (9137)

26 қыркүйек 2023 ж.

№75 (9136)

23 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам