Сырдың саңлақ серісі
Шайтұрсын Әбдібаев та қаншама ұлылар мен даналардың жалғасындай болып Сұлутөбе ауылында дүниеге келген-ді. Жуырда аудандық мәдениет Үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өнер зерттеушісі Шайтұрсын ағамыздың 75 жылдығына орай «Сырдың саңлақ серісі» деген атпен еске алу кеші болып өтті. Бұл шара мәдениеттің алтын тәжі атанған театр өнерінің тарланы, сахна майталманының Сыр мәдениетіне қосқан зор үлесін бағалаудан туындаған. Саналы ғұмырын басшылық қызметтерді атқара жүріп, халқына адал, табиғи талантымен танылған өнер шеберіне арналған кешті аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, сахна серісінің өмір жолын сөз етіп, Сыр өнерінің дамуына қосқан еңбегін атап өтті. Одан әрі өнер тарланының рухына тағзым ете келген қонақтарға Шайтұрсын Әбдібаев туралы бейнефильм көрсетілді.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі төңірегінде естеліктерін айтуға Сұлутөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның «Құрметті азаматы» Е.Жұмаділов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі Хусейін Әмір-Темір көтерілді сахна төріне. «Өзін дөп танып, бойындағы жаратушы берген қабілет-қарымды жаңылмай тапқан азамат», - деген ойларын айтып жатты замандастары мен әріптестері. «Барын да, нарын да туған халқына сарқып берген асыл азамат отбасында жары мен балаларына, немерелеріне, ағайынға қамқор, ардақты әке, асыл жан болатын», – деп естеліктерімен бөлісті Гүлжан Шайтұрсынқызы. Облыстық дәрежедегі еңбек ардагерлері Б.Атабаев пен А.Садықовтар да Шайтұрсын ағамыздың қырларын аша түсер әңгімелерін өрбітті.
Театр тарланын еске алуға жиылған жұрт Н.Бекежанов театры ұжымының әртістері әкелген жерлесіміз, драматург С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» спектаклін тамашалады. Спектакль соңында актерлардың талантына тәнті болған көрермен жақсы әсерлерімен бөлісіп жатты. Театр ұжымына аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлының атынан ықылас гүлі мен естелік сый табысталды. Өнердің өркендеуіне өлшеусіз терін төккен Ш.Әбдібаевтың болмыс-бітімімен таныса алған қалың көрермен осылайша шарадан рухани зор әсер алды.
Бақытжан ЖОЛАМАНҰЛЫ.