Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » іргелі істе бірлік керек

іргелі істе бірлік керек

Алғаш сөз алып және жиынды жүргізіп отырған аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов еңбек заңдылықтарының сақталуын және жұмыс барысындағы келіспеушіліктің орын алмауы турасында сөз қылды. Өз кезегінде еңбек инс­пекторы Н.Жапақов жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы заңдылықтарға кеңінен тоқталып өтті. Жалпы, құрылыс алаңында 237 адам қызмет етсе, олардың ішінде жергілікті тұрғындар саны – 177 ал, қытайлықтар саны – 60. Жергілікті халықтан жұмысқа орналасқандардың басым бөлігі әртүрлі жұмыстарға тартылған. Жиын барысында мердігер мен тапсырыс беруші мекеме өкілдерінен жұмысшылардың жалақысы мен жұмыс режимі жөнінде сұралды. Өндіріс қажеттілігіне байланысты жексенбісіз жұмыс қылып жүрген жұмысшылар демалыс болса деген уәждерін де айтып қалды. Осы тұста сөз алған мердігер мекеме өкілі Чен мырза 8 сағаттық жұмыс режимімен демалыссыз еңбек етіп жатқандарын жасырмады. «15 айда 80 мың куб бетон құйып бітіру жоспарланған. Сол себепті, тапсырысты уақытылы орындау мақсатында болып жатқан осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймын», – дейді қытайлық маман. Және тағы бір мәселе, әлеуметтік желі қолданушылары таратқан өндіріс басындағы қауіпсіздік ережелері жазылған жапсырмалардағы аудармада кеткен өрескел қателер еді. Бұл сұрақтың түйінін тарқатқан тапсырыс беруші мекеме өкілдері бұл жөнінде ескерту жұмыстары жасалғанын айтты. Алдағы уақытта бұл жұмыстар тек аудан әкімдігінің келісімі арқылы орындалатындығын жеткізді. Жиын барысында ассамблея өкілі қоғамдық келісім мен тұрақтылық турасында сөз қозғады.

Бақытжан МӘДЕНОВ.
10 қараша 2017 ж. 1 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930