Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БӨТЕН МҮЛІК ҰРЛЫҒЫ АЗАЙМАЙ ОТЫР

БӨТЕН МҮЛІК ҰРЛЫҒЫ АЗАЙМАЙ ОТЫР

Басқосуға облыстық ішкі істер департаменті күзет қызметін бақылау бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Салтанат Жүсіпова, аудандық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, учаскелік полиция қызметкерлері мен күзет мекемелерінің мамандары қатысты. Жиын барысында С.Жүсіпова ішкі істер министрлігінің «Бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалу барысы жайлы хабарлады. Сондай-ақ, тиісті сала мамандарын жеке кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында қазіргі заманғы мүлікті қорғау құралдарын енгізуге, ал, жеке күзет құрылымдарымен пәтер иелерін және ірі шаруа қожалықтарының иелерін өзара іс-қимыл жасасуға насихат жұмысын бірлесіп жүргізуге шақырды.
Бүгінгі таңда ауданда 5 мыңға жуық кәсіпкер тіркелген. Олардың көпшілігі мемлекеттен несие алып, мал өсірумен айналысуды қолға алғандар. Өкініштісі сол, кәсіп иелерінің әлі қарызы қайтарылмаған төрт түлігі өрістен тобымен ұрланатын жағдайлар кездеседі екен.
Түптеп келгенде әр адам өз мүлкіне алдымен өзі жауапты болуы керек. Жиынға қатысушы көпшіліктің ойы «Егер аудандағы әрбір кәсіпкерлік нысандардың иелері өз ғимаратының айналасын жарықтандырып, бейнебақылау орнатуға жауапкершілікпен қарайтын болса, қылмыс саны да едәуір азаяр еді» деген пікірге тоғысты.

Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ.
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТТІКІ.
10 қараша 2017 ж. 2 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031