Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенатта Салық кодексі таныстырылды

Сенатта Салық кодексі таныстырылды


Сенатта Салық кодексінің жаңа жобасы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексін қолданысқа енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары таныстырылды.
Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина шараны аша келіп, бұл заң жобалары Президент Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауы және бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті. Жобалардағы жаңалықтар салық саясатын жетілдіруге, салық әкімшілендірулерін жақсартуға, салық салу саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулердің тиімділігін арттыруға бағытталған. Заң жобасын сенаторларға ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов таныстырды. Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінің идеологиясы адал салық төлеушіні қорғауға бағытталған. Ол салық төлеу барысында дау туындаған жағдайда түсінбеушіліктер мен дәлсіздіктерді салық төлеушінің пайдасына түсіндіретін болады. Экономиканың түрлі секторларын ынталандыру мен әкімшілендіруді оңайлату да көзделіп отыр. Бірқатар түзетулер бизнестің салық заңнамасына енгізілетін өзгерістерден хабардар болуын арттыруға бағытталған. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық тәртіптері сақталатын болады. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында қаржылай емес қолдау түрінде алынатын салық салудан босату да қарастырылады. Электрондық сауданы дамыту үшін электрондық сауда саласында алынатын корпоративтік және жеке табыс салығынан босату да көзделеді. Ынталандыру шаралары аграрлық, жер қойнауын пайдалану, қаржы және басқа салаларға да қатысты болады. Қосымша баяндама жасаған қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов мемлекеттік кіріс органдары салық төлеушілермен өзара айқын іс-қимыл орнату мақсатында заңдылық, тиімділік және әкімшілендіру тәуекелдеріне бағдарланған ұстанымдарға сүйенетінін атап өтті. Салық тәртібін арттыру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі қайта қаралады. Салық төлеушілердің әртүрді санаттарына салық әкімшілендіруінің түрлі тәсілдері енгізіледі. «Жасыл топ» аталатын бірінші санатқа тәуекел дәрежесі төмен салық төлеушілер жататын болады. Оларға тексерулер жүргізілмейді, есеп тапсыру, берешекті төлеу мерзімдерін өзгерту түріндегі босаңсыту, көлбеу мониторинг жүргізуге қатысу мүмкіндігі және тағы басқа қаралатын болады. Тәуекел дәрежесі орташа топқа әкімшілендірудің орташа тетіктері қолданылады, хабарлама жіберіледі, орындалмаған жағдайда  салық бақылауы шаралары жүзеге асырылады. «Қызыл аймаққа» тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілер жатады. Оларға ерекше назар аударылады және салық міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамаған жағдайда кіріс органдары жедел әрекет ететін болады. Қ. Баеділов әкімшілендіруді жетілдірудегі барлық жаңалықтар бизнесті дамытуға оң ықпалын айта келіп, салық органдарының бизнеспен салық салу тәсілдерінен әріптестік қатынастарға көшуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Талқылауға сенаторлар Дархан Кәлетаев, Серік Жақсыбеков, Сергей Ершов, Сәрсенбай Еңсегенов, Еділ Мамытбеков және Ғұмар Дүйсембаев қатысып, ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің өкілдеріне бірқатар сауалдар қойды.
Egemen.kz
10 қараша 2017 ж. 21 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031