Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаттары БАҚ туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс депутаттары БАҚ туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мемлекеттік органдар Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрағына 15 күнде жауап беруге міндетті. Бұл – бүгін Мәжілістің жалпы отырысында таныстырылған жаңа заң жобасындағы өзгеріс. Бұған қоса жиында 600 мыңға жуық қазақстандықтың ел жаңалықтардан бейхабар екені мәлім болды. Себебі олардың қолданатын спутниктік құрылғыларында отандық арналар мүлдем көрсетілмейді. Отандық БАҚ саласындағы күрмеулі мәселелер Парламент қабырғасына да жетті. Бұл жолы Мәжіліс депутаттары ең алдымен журналистердің мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Дәлірек айтқанда, төртінші билік өкілдерінің сұрауына мемлекеттік органдардың жедел әрі сапалы жауап беру мәселесін қаузады. Ирина Унжакова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Заң жобасында ақпарат таратушы мемлекеттік органдардың БАҚ-тың сұрауына 15 күнде жауап береді делінген. Бірақ жұмыс тобының отырысы кезінде бұл мерзімді 10 немесе одан да аз күнге қысқарту ұсынылды. Неліктен бұл бастама қолдау таппады? Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: – Біз мәселені қарастырып жатырмыз. Біз жұмыс тобын да қысқартамыз деп айтуға мүмкіндік бар шығар. Азаматтардың жеке құпиясын жариялау жайы да талқы таразысына салынды. Яғни ақпарат құралдарының қандай жағдайда жауапкершілікке тартылатыны мәлім болды. Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – БАҚ туралы заңның 21-бабында журналистерді қандай да бір адамның отбасылық, дәрігерлік, коммерциялық және өзге де құпияларын жариялауы үшін рұқсат алуға міндеттейді. Бұл ретте «өзге құпия» деген ұғым нені қарастырады? Зәуреш Баймолдина, ҚР Әділет министрінің орынбасары: – Бұл – банктік құпияға қатысты ұғым. Ол да қызметтік құпия секілді заңмен қорғалатын болады. Жаңа заң арқылы журналистер ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер де жауапкершілік жүгін арқалайды. Мәселен, олардың айлық табысы БАҚ өкілдері тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдарға тікелей байланысты болады. Ол үшін мекеме басшысы KPI арқылы қызметкерінің қарым-қабілетін бағамдайды. Бұған қоса маңызды құжатты әзірлеу барысында 600 мыңға жуық азаматтың ел өмірінен мүлдем бейхабар екені анықталды. Себебі олар қолданатын шетелдік спутниктік «тәрелкелерде» қазақстандық арналар көрсетілмейді. Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: – Бұл құрылғыларды пайдаланбауға тыйым салынбайды. Оларға ықпал ету шарасы қарастырылмаған. Алайда біз аталған қондырғыларды таратып жүрген мекемелерді құқықтық кеңістікке шығарамыз. Себебі тиісті төлемдер басқа елге кетіп жатыр. БАҚ туралы құжат ғаламтор сайттарын да мемлекеттік бақылауға алуды көздейді. Ол үшін арнайы жүйе енгізіліп, идеологиялық қауіпсіздік басты назарға алынбақ. Сол секілді әлеуметтік желіде лаңкестік, экстремистік бағытта парақшалар пайда болса, қатаң шара қолдалынады. Дмитрий Голованов, ЕҚЫҰ сарапшысы: – Бұл өзгерістер БАҚ туралы заңды бір ретке келтіреді. Сол арқылы жалпы медианарыққа халықаралық құқықтық реттеу енгізіледі. Қазақстанда оның базасы бұрыннан қалыптасқан. Осылайша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Енді жауапты ведомство депутаттар мен журналистердің ұсынысын қайта қарап, тиісті шешім шығаруы тиіс. 


24.kz
10 қараша 2017 ж. 1 991 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 41

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031