Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Гидроэнергетикалық жобалар: Оңтүстік Корея Қазақстанға қалай көмектеспек?

Гидроэнергетикалық жобалар: Оңтүстік Корея Қазақстанға қалай көмектеспек?

Гидроэнергетикалық жобалар: Оңтүстік Корея Қазақстанға қалай көмектеспек?Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағанбетов Корея Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапарды Азия Даму Банкі (АДБ) ұйымдастырды. Сапар мақсаты – активтерді басқарудағы құзыреттілікті арттыру және гидроэнергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін зерделеу, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика ведомствосының мәліметінше, делегация Теджон қаласында Кореяның су ресурстары корпорациясы (K-water) дайындаған техникалық бағдарламаға қатысты. Бағдарламаға су-ресурстық саясат мәселелері, гидроэнергетиканың заманауи технологиялары, сондай-ақ орта ГЭС жобаларын іске асыру және қаржыландыру тәсілдері кірді.
Сапар аясында K-water интеграцияланған су ресурстарын басқару орталығына және Теджон көп мақсатты бөгетіне (Daecheong Dam) таныстыру сапарлары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Korea Midland Power Co., Ltd. (KOMIPO), Korea South-East Power Co., Ltd. (KOEN), Korea Hydro & Nuclear Power Co., Ltd. (KHNP) және Korea Overseas Infrastructure & Urban Development Corporation (KIND) компанияларымен кездесулер өтті. Тараптар Қазақстанның оңтүстік-шығысында каскадты гидроэнергетикалық жобаны бірлесіп іске асыру перспективаларын талқылады.
Аталған сапар Қазақстанның таза, сенімді, тұрақты энергетикалық жүйе құру жөніндегі жұмыстарына қосымша серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайта түседі.


03 қараша 2025 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031