Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақсат пен міндет межесі

Мақсат пен міндет межесі

Өздеріңізге белгілі, арнайы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасы тұрғындарды жаппай кәсіпкерлікке тартудың кешенді шаралар жос­пары болуда. Осы орайда кәсіпкерлер палатасы бастама жасап, облыстағы белді қаржы институттарының өкілдерімен кәсіппен айналысуға шақыру, бағдарламаның мақсат- міндеттерін түсіндіру мақсатында «Қызылорда облысында кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында арнайы жұмысшы тобы құрылып, ауыл азаматтарымен кездесулер жүргізілді. Арнайы жұмыс тобы Жуантөбе, Алмалы, Ақтоған, Талаптан, Жөлек, Қоғалы ауылдарының тұрғындарына бағдарлама туралы мол мәлімет берді. Аталмыш жұмысшы тобының құрамында болған «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы маманы Ж.Жұмабаев, «Қызылорда» микро қаржылық ұйымы» ЖШС маманы А.Айсуатов, облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы С.Құлмахан, палата эксперті А.Пірманова және облыстық кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиал директоры Р.Нысанхановтар тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға толық жауап берді. Мақсат пен міндеттер айтылған жиында ауыл азаматтары ақпараттандырылды.
14 қараша 2017 ж. 1 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031