Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗЕЙНЕТАҚЫ мен ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСЕДІ

ЗЕЙНЕТАҚЫ мен ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСЕДІ

БӘРІМІЗГЕ БЕЛГІЛІ ЕЛБАСЫМЫЗ ӨЗІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН ДӘСТҮРЛІ ЖОЛДАУЫНЫҢ БӘРІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ОРАСАН ЗОР МӘН БЕРІП, БАРЫНША ОНЫ ЖАҚСАРТУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАП КЕЛЕДІ. ОСЫ МӘСЕЛЕГЕ ОРАЙ ӨТКЕН АПТАДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ А.ЕСМАХАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН «АРМАН» МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ. ОҒАН АУЫЛ ӘКІМДЕРІ МЕН КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ.Жиын барысында А.Бұқарбаева «Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындайды. Келесі жылы базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай берілетіндігі көзделуде. Осы орайда 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарының түсу аралығы ғана есептелініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда», – деп зейнетақы жүйесіндегі біршама өзгерістермен таныстырды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ынтымақты зейнетақы 8 пайызға өседі. Базалық зейнетақы, басқа да жәрдемақы түрлері 6 пайызға көбейеді. Осы арқылы базалық зейнетақыны ескергендегі зейнетақының төменгі мөлшері келесі жылы 49 019 теңгені құрап, орташа дәрежесі 71 333 теңгені төңіректемек. Мұндай әдіс 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнататын болады. 1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан астам өтілі бар тұлғаларға, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Мәселен, 20 жылдық еңбек өтілінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын құраса, 30 жылда 94 пайызды межелейді екен. Заңда көрсетілгендей 33 жылды еңсерген өтілі бар базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 100 пайыз көлемін толық қамтитын болады.
Одан әрі Ж.Дәулетбаева «Нәтижелі жұмыспен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша баяндама жасаса, Ш.Алмашева «100 нақты қадам ұлт жоспары» тақырыбында сөз өрбітіп, атаулы әлеуметтік көмек жайында да кеңінен түсіндіріп берді. Шара соңында аудан тұрғындары толғандырған сұрақтарын қойып, мәселенің мән-жайына қанықты.
14 қараша 2017 ж. 1 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930